«Туыс»: Джеймс Франко ғылыми-фантастикалық триллерде зұлымның рөлін ойнайды

Lionsgate студиясы авторлары Джонатан мен Джош Бэйкерлер болып табылатын «Туыс» ғылыми-фантастикалық триллерінің алғашқы трейлерін ұсынды. Олар өздерінің алғашқы толықметражды тәжірибесіне басты рөлдің бірін сомдаған Джеймс Франкоға («Қойма», «Неге ол?») бірден ие болды. Lionsgate студиясы бұл таспаның құқығын 2016 жылы түсірілім барысына қызу дайындық жүріп жатқан кезде иеленген болатын.
Фильм сюжеті идеясының негізіне Бэйкерлердің «Гангстер» қысқаметражды таспасы арқау болған. Майлз Труитт нашар жанұядағы асыранды інісі Элайдың рөлін сомдайды. Оның өгей ағасы (Джек Рейнор, «Атыс», «Макбет») жақында түрмеден босап шықты, бірақ оны ылғи мазақтап, келеке қылатын зұлым (Джеймс Франко) аңдып жүреді.
Труитт кейіпкері портфельге аздап ұқсайтын, тылсым күшке ие жұмбақ қаруды тауып алады. Бұл қару ағайындылардың жалғыз қорғанына айналады, себебі олар алдымен Франко сомдаған гангстерлерден қашуға тырысады, кейін Элай қарудың көмегімен қылмыскерді өлтірген соң, ФТБ агенттерінен жасырынады. «Мен нашар жігіт екенімді білемін, бірақ жаныңда ағаң бар екенін алғаш сезіну тамаша екен», - деді Рейнор кейіпкері трейлерде.
«Туыс» ғылыми-фантастикалық триллері 2018 жылдың 31 тамызында айналымға шығады.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін