È

Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі рөлі жайлы айтып берді

Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі рөлі жайлы айтып берді

Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» жүлдесін иеленген актриса Самал Еслямова Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі рөлі жайлы айтып берді. Актриса Мәскеуде заңсыз жұмыс істейтін эмигрант қызды сомдады. Кейіпкер күтпеген жағдайда жүкті болып қалып, босанған соң, сәбиін перзентханада қалдырып кетеді. Бойжеткен белгілі бір себептерге байланысты осындай қадам жасайды.

«Оңай болды деуге болмайды. Қиын болды. Маңыздысы режиссерге деген сенім еді. Режиссерға және істеп жатқан жұмысыңа сенім болған кезде, қиындық маңызды болмайды екен. Мен кейіпкердің жағдайын білдім, оны жақсы түсіндім, соның орнында болған басқалар да солай істейтін еді», - деді Самал Еслямова Канндағы баспасөз-конференциясы кезінде.

«Айка» фильмінен көрініс
«Айка» фильмінен көрініс

Фильм жұмыстары 7 жылға созылған. Режиссер Сергей Дворцевойға бұл таспа идеясы қырғыз әйелдері Мәскеуде сәбилерінен бас тартып, перзентханаға 250-ге жуық балаларды тастап кеткеннен кейін келген екен.

«Мен Орта Азияда, Қазақстанда туып-өскен орыспын. Азиат әйелдерінің балаларға жақсы қарайтынын білемін. Бірақ, олар балаларынан неліктен бас тартты? Оған не түрткі болды? Мәскеуде тұрып, сол өмір жайлы білмейтінімізді түсіндім. Біз осындай адамдық үлкен трагедияны айналып өтіп кетеміз», - деп қосты Дворцевой.

Айта кету керек, «Айканың» тұсауы 18 мамыр күні негізгі байқау бағдарламасы аясында кесілген. Көрсетілімнен соң зал бірнеше минут бойы тұрып, қошемет білдірді.

Баспасөз-конференциясы: youtube.com

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

24 мамыр 2018, 02:02

Рады за Самал. И при этом она была очень скромна. Успехов.

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист