È

Самал Еслямова Түркиядағы Халықаралық кинофестивальде үздік актриса атанды

Самал Еслямова Түркиядағы Халықаралық кинофестивальде үздік актриса атанды

Қазақстандық актриса Самал Еслямова Түркияның Анталия қаласында өткен 55-ші Халықаралық кинофестивальде «Үздік актриса» номинациясында жеңіске жетті. Жүлде оған «Айкадағы» рөлі үшін берілді. Картинаны Қазақстанның тумасы, ресейлік режиссер Сергей Дворцевой түсірген. Таспа сюжеті Айка есімді эмигрант қыздың Мәскеудегі ауыр тағдыры жайлы баяндайды.

Биыл байқауға он фильм іріктелініп алынды. Шараның менеджері Ұлыбританиядан келген кинорежиссер Майк Дауни болды.

aa.com.tr
aa.com.tr

«Үздік фильм» жүлдесін ирандық режиссер Джафар Панахидің «Үш бейне» атты жұмысы иеленді. Алайда, ол үй қамағында отырғандықтан, табыстау салтанатына қатыса алмады, оның орнына жүлдені қызы алды. «Үш бейне» картинасы үш актрисаның хикаясын баяндайды. Олардың біреуі актерлік мансабын тастап кетеді, екіншісі даңққа бөленеді, ал үшіншісі өз жолын енді ғана бастап, драма театрының сахнасында рөл ойнауды армандайды.

«Үздік актер» жүлдесімен сириялық актер Заин аль-Рафеа марапатталды. Ол «Капернаум» фильмінде Зейіннің рөлін сомдады. Картина сюжеті кедей бейрут отбасынан шыққан балақай Зейіннің ауыр тағдырын баяндайды. Ол жастайынан өмірдің ащы дәмін татады. Ол түрлі жұмыстарды істеді, кішкентай балақайларға қарап, мектеп жайлы армандап қана жүрді. Жағдайға байланысты Зейін бес жыл мерзімге қамалады. Түрмеде ол өзін жарық дүниеге әкелгені үшін ата-анасын сотқа беруді ұйғарады.

aa.com.tr
aa.com.tr

Жапония режиссері Хирокадзу Корээда «Дүкен тонаушылар» фильмі үшін «Үздік режиссер» аталымында көзге түсті. Таспадағы оқиға жапондық кедей жұмысшының үлкен жанұясының айналасында өрбиді, олар супермаркеттердегі заттарды ұрлаумен айналысады. Бір күні әкесі мен ұлы көшеден кішкентай қыз Юриді тауып алады. Олар сәбиді өздеріне қалдыруды жөн көреді, бірақ кейін баланың шынайы ата-аналары табылады.

Еске салсақ, Самал Еслямова өткен жолы 71-ші Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясында жеңіске жеткен болатын. Отандық «Айка» фильмінің тұсауы Almaty film festival кинофестивалінің аясында кесілді.

 

Арайлым Танкаева

 

Превью: sputniknews.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер