È

Санжар Мәди «The Mongolian connection» монғолдық атыс-шабыс фильміне түсті

Санжар Мәди «The Mongolian connection» монғолдық атыс-шабыс фильміне түсті

Актер Санжар Мәди өзін жаңа образда сынап көруде. Жақында отандасымыз «The Mongolian connection» монғолдық атыс-шабыс фильміне түсті, картинада жергілікті мафияның басшысына айналды. Жаңа рөлі мен картина жайлы Санжар «Бродвей» кинопорталына айтып берді.

Өткір сюжетті атыс-шабыс фильмін американдық режиссер Дрю Томас («Қанды кадр») Монғолия, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Түркия және Германия елдерінің кинематографшыларымен бірге түсіруде. Негізгі түсірілім Ұлан-Баторда өтті. Түсірілім тобы жұмысты АҚШ-та жалғастырады.

«Мен монғол мафия басшысын сомдадым. Фильмде негізгі кейіпкер үшеу-ақ – менің рөлім және екі ФТБ агенті, оларды монғол жұлдызы Балжиннямын Амарсайхан және американдық актер Кайви Лайман («Ұрыларды ұстау») сомдады. Сюжет бойынша менің кейіпкерім – Америкада жұмыс істейтін контрабандашы. Бірақ, оны біреулер аяқтан шалады да, ол Монғолияға экстрадицияланады», - деді Санжар Мәди.

Жекпе-жек көріністерін голливуд каскадері әрі актері Лойд Бейтман қойды. Маманның қоржынында 200-ге жуық жоба бар, соның ішіндегі соңғысы - «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс».

Айта кету керек, американдық-монғолдық таспаға сонымен қатар, Nomad Stunts каскадері және актер Жандос Айбасов түсті.

«The Mongolian connection» картинасы биылғы жылдың қазан айында Монғолия мен Қазақстанда көрсетіледі деп жоспарлануда.

Превью: © Nikolay Postnikov

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер