È

Сара Джессика Паркер өсек-аяңды жоққа шығарды

Сара Джессика Паркер өсек-аяңды жоққа шығарды

Сара Джессика Паркер «Үлкен қаладағы жыныстық қатынас» фильміндегі әріптесі Ким Кэттролл екеуінің арасындағы дау-жанжалға қатысты өсек-аяңның әсіреленгенін жеткізді. Белгілі актрисамен арадағы жағдай «Үлкен қаладағы жыныстық қатынас» толықметражды фильмінің үшінші бөлімінің жоспарланған түсірілімінің болмауына байланысты қоғамның назарын өзіне аударған.

Өткен жылдың қазан айында Кэттролл танымал тележүргізуші Пирс Морганмен болған сұхбатында Паркермен актерлік құрамнан басқа қарым-қатынасының барлығы жалған екенін және олар ешқашан дос болмағанын атап өтті.

Сара Джессика Паркер өзінің Кэтрроллмен арадағы бәсекелестікке қатысты барлық фактілерді жоққа шығарды және өз тарапынан келесі сөздерді айтты: «Фильмге байланысты арамыздағы біреулердің ренжігенінен басқа ештеңе айтқан жоқпын. Ким Пирс Морганға маған және менің беделіме нұқсан келтіретін мәліметтерді айтқанда менде ешқандай реакция болған жоқ».

«Біздің ортақ жұмыс тәжірибеміз болды және таңқаларлығы, ештеңе де түсірілім кезіндегідей болмайды. Біз аудиториямен, қаламен байланыста болдық, топпен де тамаша қарым-қатынас орнаттық. Бұл қисынсыз оқиғаны ойнауға дайын болдық. Мен болған жағдайлар үшін бір секунд та өкінген емеспін. Бұл рөлдерде басқаларды елестете алмаймын. Ешқандай ұрыс-керіс болған жоқ. Мұның бәрі толықтай ойластырылған, себебі мен шын мәнісінде ешқашан ол туралы айтқан емеспін. Бұдан кейін де айтпаймын. Ким айтқысы келгенді айтты, және оның оған толық құқығы бар».

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер