«Трансформеры» - «Трансформеры: Последний рыцарь» деп аталатын франшизманың бесінші жобасының жұмыстары келесі аптада басталады. NME порталының хабарлауынша, жаңа картинаның жұлдызды құрамына оскар иегері, актерлік ойыны кермет Энтони Хопкинс қосылады. Бұған дәлел ретінде франшизманың Twitter парақшасына пост жарияланды. Хопкинстің қандай рөл ойнайтыны әзірге белгісіз, дегенмен бүкіл топ түсірілімге сақадай сай дайын көрінеді. Бұрынғы хабарламалардың бірінде бесінші бөлімде атақты робот - трансформер Мегатрон қайта оралады, сондай-ақ актер Марк Уолберг кинолентада басты рөлде ойнайды делінген болатын.Франшизманың әлемдік прокаттағы табысы бір миллиард доллар болды, яғни бұл картина ең табысты, ең ірі жобалардың бірі.