È

Серік Әбішев «Тұран» университетінің жанынан киноөндіріске қатысты шеберлік сыныбын ашпақ

Серік Әбішев «Тұран» университетінің жанынан киноөндіріске қатысты шеберлік сыныбын ашпақ

Продюсер әрі режиссер Серік Әбішев «Тұран» университетінің жанынан құрылған шеберлік сыныбына тәлімгерлерді қабылдауда. Продюсер алғаш рет ұстаздық қызметпен айналыспақ. Ол өзінің сабақтарында тәжірибелік тапсырмаларға көбірек көңіл бөлетінін айтты.

«Бұл менің ұстаздық қызметтегі алғашқы тәжірибем, барлығын өзім жүргізетін бірінші шеберлік сыныбым. Негізінен, бакалавриатқа кинода тәжірибесі жоқтар түсіп жатады. Сондықтан, түсірілімдегі тәжірибе негізгі талап емес. Бастысы, олар киноның не екенін және өзін осы салаға толық арнағысы келетінін жақсы түсінуі тиіс. Менің ең басты талабым – киноға деген махаббат, балалар тәуекелшіл әрі қиялшыл болса құба-құп. Менің оқыту әдісім тәжірибеге негізделеді. Әрине, теориясыз да болмайды ғой. Дегенмен, 5 жыл оқыған соң бітірушілер кино түсіре білуі қажет. Мен үшін болашақ тәлімгерлердің біздің еліміздің жағдайына қарай кино түсіре алуы маңызды. Голливудтық немесе кеңестік әдіске емес, дәл Қазақстандағы талаптарға сай әдіске үйрету керек. Тәлімгерлерді тәуелсіздікке үйретіп, өз жобаларын өздері жасай алатын дәрежеге жеткізгім келеді»,-деп бөлісті Серік Әбішев.

Суреттер: kapital.kz

Бүгінде продюсер фильмографиясында «Қаратас ауылындағы оба», «Үй иелері», «Құрылысшылар» және «Риэлтор» секілді фильмдер бар. 2015 жылы продюсер «Үй иелері» фильмінің арқасында «Foreign policy» америка журналының жыл сайынғы «Әлемдік 100 ойшыл» тізіміне енген. 2017 жылы «Сыншылар таңдауында» «Қаратас ауылындағы оба» кинотаспасы үшін Серік Әбішев құрметті алғыс хатпен және мүсіншемен марапатталды. Биылғы жылы кинематографшы V Халықаралық Нью-Йорк Еуразия кинофестивалінде тағы да продюсерлігі үшін құрметтелді.

Серік Әбішев «Май» атты қысқаметражды таспасының және «№6 істің куәгерлері» мен «Балалар үйінде» толықметражды фильмдерінің режиссері болып табылады.

Қазіргі таңда киноқайраткер Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-да «Режиссура» мамандығы бойынша PhD докторантурасында оқып жатыр.

 

Превью: Николай Постников

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер