È

«Жезөкшелер»: Дженнифер Лопез қатысатын жобамен STX айналысады

«Жезөкшелер»: Дженнифер Лопез қатысатын жобамен STX айналысады

STX студиясы Дженнифер Лопез («Жанкүйер», «Көк реңктері» хикаясы) қатысатын «Жезөкшелер» жобасымен айналыспақ. Бұл жобадан жақында Annapurna Pictures студиясы бас тартқан еді. Сыбыс бойынша, Annapurna қаржылай қиындықтарға тап болып, қызу жұмыс үстіндегі көптеген болашағы зор таспалардан бас тартқан. Сонымен қатар, бұл фильмдегі негізгі рөлдердің біріне «Өте бай азиаттар» картинасының жұлдызы Констанс Вудың қатысатыны белгілі болды.

Дженнифер Лопез және актриса әрі әншімен бұрын жұмыс істеген «Жезөкшелердің» продюсерлері Элейн Голдсмит-Томас Ұрлап әкету») пен Бенни Мединаның STX тобымен мол тәжірибесі бар. Жуырда, осы жылдың 13 желтоқсанында экранға STX түсірген «Басынан баста» романтикалық комедиясы шығады, онда басты рөлді Лопез сомдады. Сондықтан, бұл дерек Калифорнияда түсірілетін жаңа жобаны қолға алу үшін шешуші дәлел болды.

«Жезөкшелер» Уолл-стриттегі клиенттерінен өш алуға кіріскен стриптиз-клубтың бұрынғы серіктестері жайлы баяндауға дайын. Дженнифер Лопез тп басшысы Глория Санчезді сомдауға дайындалуда. Бұл фильмнің сценарийін Лорин Скафария («Ақырзаманға дос іздеймін», «Жаңадан келген қыз» хикаясы) жазды, ол сондай-ақ картинаға режиссерлік етпек.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист