È

«Өте бай азиаттар» және «Жыртқыш» айналымда үздік атану үшін таласуда

«Өте бай азиаттар» және «Жыртқыш» айналымда үздік атану үшін таласуда

Өткен апта жаңа киноларға толы болды. Бірақ, фильмдердің көптігіне қарамастан, салмақты бәсеке «Өте бай азиаттар» және «Жыртқыш» картиналарының арасында ғана байқалды. Қазақстандағы осы және өзге де фильмдердің жинағы* қанша миллион теңге құрағанын төменнен оқыңыздар.

«Өте бай азиаттар» картинасы алғашқы демалыста 95 852 400 теңге жинады. Фильм негізіне сингапурлық жазушы Кевин Кванның аттас романы арқау болған. Қойылымымен режиссер Джон Чу айналысты, ол «Жалған сағым» және «Бір қадам алға» жобаларымен жұмыс істеген.

«Өте бай азиаттар» фильмінен көрініс
«Өте бай азиаттар» фильмінен көрініс

«Жыртқыш» триллері «Өте бай азиаттардан» қалыспай келеді. Фильм жинағы 94 838 100 теңгеге тең. Картина «жыртқыштың» киноэкранға алтыншы мәрте шығуы. Бұрын «Жыртқыш» (1987), «Жыртқыш 2» (1990), «Бөтен Жыртқышқа қарсы» (2004), «Бөтен Жыртқышқа қарсы: Реквием» (2007) және «Жыртқыштар» (2010) картиналары жарыққа шыққан болатын. 20th Century Fox франшизаның жаңа бөлімін «Темір адам 3» картинасына режиссерлік еткен Шейн Блэкке сеніп тапсырды.

«Ұлы теңестіруші 2» атыс-шабыс фильмі 14 079 921 теңге көлеміндегі пайдаға кенелді. Дензел Вашингтон мен режиссер Антуан Фукуа үшін бұл төртінші біріккен жоба. Екеуі «Жаттығу күні» (2001), «Ұлы теңестіруші» (2014) және «Тамаша жетілік» (2016) фильмдерімен жұмыс істеген. Айта кетсек, Дензел үшін жоба бүкіл актерлік мансабындағы алғашқы сиквел болды.

«Ұлы теңестіруші 2» фильмінен көрініс
«Ұлы теңестіруші 2» фильмінен көрініс

«Қызыл жалбыз» фильмі 13 385 400 теңге жинады. Бұл - француз режиссері Пьер Морельдің тоғыз жылдық үзілістен кейінгі алғашқы толықметражды жұмысы. Қоюшының соңғы жұмысы 2009 жылы жарыққа шыққан «Парижден махаббатпен» атыс-шабыс фильмі болатын. Морельдің бұрынғы фильмдері – кеңінен танылған «13 аудан» (2004) және «Тұтқын» (2007).

«Альфа» драмасы төртінші аптада 8 451 380 теңге жинады. Studio 8 продакшн-компаниясы үшін картина дебютті жұмыс болып табылады. Режиссер Альберт Хьюз үшін де ағасы Аллен Хьюзсіз түсірген алғашқы фильм болды. Екеуі «Илайдың кітабы» (2009), «Тозақтан» (2001) және «Қоғамға төнген қауіп» (1993) кинотаспаларын қоюмен айналысқан.

«Қызыл жалбыз» фильмінен көрініс
«Қызыл жалбыз» фильмінен көрініс

«Мысықтың қашуы» анимациялық фильмі 6 004 230 теңге жинады. Картина қытайлық режиссер әрі сценарист Гэри Ванның үшінші кинотеатрлы жобасы болды. Оның кең экранға шыққан алдыңғы мультфильмдері - «Есіктерді сақтаушы» (2016) және «Ойыншықтар дүкенінің құпиясы» (2017).

Өткен апта «Уақытша қиындықтар» ресейлік драмасына 5 235 970 теңге сыйлады. Фильм ДЦП-мен ауырған, кейін жылдар өте келе елінің үздік кәсіптік кеңесшісі атанған шынайы өмірдегі баланың хикаясына негізделген. Таспа - Михаил Расходниковтың екінші толық метрі. Біріншісі «Эластико» спорт драмасы (2016) болатын.

Бес миллионнан төмен жинағандар: «Бельканто» - 3 011 400 теңге және «Бақыт, денсаулық» - 2 051 300 теңге.

Кассалық жинақ рейтингіндегі соңғы тізімде 1 603 000 теңгемен «Мег: тереңдік құбыжығы» және 1 271 200 теңге жинағымен «Бойдақты қалай үйлендіру керек» картиналары тұр.

 

* Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер