È

«Жыртқыш»: Жерді жаулап алу үшін қайта оралу

«Жыртқыш»: Жерді жаулап алу үшін қайта оралу

Fox студиясы 1987 жылғы әйгілі атыс-шабыс фильмінің қайта өңдеуі «Жыртқыштың» қызыл-қанды жаңа трейлерін ұсынды. Уилл Трагердің (Стерлинг К. Браун, «Артемида» қонақ үйі», «Қара Ілбісін») кейіпкері өз жұмыстарын тамаша түсіндіреді: «Мен тазартумен айналысамын. Аспанға қарап, көктен түскенді қағып аламын». Кенеттен келген ғаламшарлық қонақ аласапыран орнатып, қала сыртын қиратуға дейін барады. Браун кейіпкері ескертеді: «Жыртқыштар алауошақтың жанында қаңқалардан моншақ жасап отырмайды. Олар ғаламшарды басып алуда».

Шейн Блэк («Жарқын жігіттер», «Темір адам 3») түсірген «Жыртқыштың» жаңа нұсқасы тірі адамдарға аса қауіпті міндетпен Жерге оралатын ғаламшарлықтар жайлы баяндайды. Оларға жеке генофондтарын нығайту үшін жер түрлерінен ДНҚ банкін жинау керек. Актерлар мен режиссерлар таспаны Сан-Диегода жыл сайын өтетін комикстер мен поп-мәдениеттегі жаңа ағымдарға арналған Comic-Con халықаралық фестивалінде таныстырады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер