Былтырғы жылдың атышулы «Өте нашар аналар» комедиясының сиквелі
«Өте нашар аналар» қайта іске кірісті. Былтырғы жылдың хитіне айналған, айналымнан 100 млн. доллардан астам қаржы жинаған сиквелдің тұсаукесері 30 қарашада болмақ.
Бірінші бөлімінің сюжетінде Эмидің – кофе компаниясында жұмыс істейтін жас ананың хикаясы баяндалады. Эмиді бастығы қызметінде көтергісі келмеді, ал күйеуі эротикалық онлайн-көрсетілімдерді тамашалап, порножұлдызбен оның көзіне шөп салып жүрді. Сондықтан, кейіпкер Карла мен Кик есімді екі қыздың қолдауына сеніп, көңіл көтеруді жөн санайды.
Сиквелде кейіпкерлердің рождество тойлауды бастап кеткендері көрсетіледі. Алайда, олардың мерекелерін өз аналары құртуы мүмкін.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін