Скарлетт Йоханссон «ДжоДжо қоян» фильмінің басты рөлі жайлы келіссөз жүргізуде
Скарлетт Йоханссон («Өте жаман қыздар», «Сауыт киген елес») Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы «ДжоДжо қоян» сатиралық комедиясының басты рөліне қатысты қорытынды келіссөз жүргізуде. Fox Searchlight тапсырысы бойынша түсірілетін жобаның режиссері – Тайка Вайтити («Тор: Рагнарёк», «Шынайы обырлар»). Бұдан бөлек, Вайтитидің өзі даңқты Адольф Гитлердің рөлін сомдайды.
Ұлтшыл Германияда әкесіз өскен 10 жасар бала жайлы әңгімелейтін «ДжоДжо қоян» фильмінің сценарийін Тайка Вайтитидің өзі жазды. Баланы өзге балалар күлкі ететіндіктен, ол қиялында Адальф Гитлерді өзінің досы санайды. Баланың анасы (Скарлетт Йоханссон) өз үйінде еврейлік қызды жасырын ұстайды және ұлының қиялын түсіне бермейді. Қазіргі уақытта Вайтити осы жобада қияли баланың рөлін кімнің сомдайтынына алаңдаушылық танытып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін