The Hollywood Reporter басылымының ақпаратына сәйкес, «Игра престолов» фильмінің жетінші, сегізінші маусымдарына түскені үшін жетекші актерлердің алатын ақысы қанша екені белгілі болды.
жарияланған ақпарат бойынша, Тирион Ланнистер рөліндегі Питер Динклейджке, Джона Сноу рөліндегі Джон Харингтонға, Дейенерис Таргариен рөліндегі Эмилии Кларкқа, Серсей Ланнистердің рөліндегі Лене Хидиге, Джейми Ланнистердің рөліндегі Николай Костер-Вальдауға әр эпизод үшін 1,1 миллион доллар көлемінде қаламақы төленеді. Жетінші маусымда 7 серия, ал сегізінші маусымда 6 серия болады деп жоспарлануда.
Басқа да рөлдерді ойнайтын актерлердің қаламақы көлемі белгісіз.