«Слендермен»: түнгі сұмдыққа ену
Sony студиясы режиссер Сильвен Уайттың («МакГайвердің жаңа агенті» және «Қауіпті қару» хикаялары) «Слендермен» қорқынышты фильмінің жаңа трейлерін ұсынды. Таспа сюжеті бойынша үш құрбы жақын достары болған, жоғалып кеткен бір қызды іздеп табуға тырысады. Олар ғаламтордан Слендерменді тауып, іздеуге көмектесу үшін сол жұмбақ жаратылысты шақырады.
Жалпы, кейін қыздар бұл аңыздың жәй ғана хикаядан да зор екенін түсініп, барлығының бұрыс жүріп жатқанын байқайды. «Ол санаға вирус секілді енеді. Оны бір рет көрген адам ешқашан ұмыта алмайды», - дейді фильмдегі кейіпкерлердің біреуі жаңа роликте.
Слендермен - 2009 жылы форумдарда сұмдық бір бәле ретінде пайда болған ғаламтор-мем. Кейін, осы кейіпкердің қатысуындағы қорқынышты хикаяларды ұнататын қолданушылар үшін ол ғаламтор сенсациясына айналды. Слендерменді көптеген балалар мен жасөспірімдердің із-түзсіз жоғалуына қатысы бар деп есептейді.
«Слендермен» хорроры 2018 жылдың 23 тамызынан бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін