Евгений Жумановтан «Со-Общение»
Евгений Жуманов «Со-Общение» авторлық жобасын шығарды. Кездесу кезінде актер мен театр режиссеры ұсынған прозадан көрермен Евгений туралы мағұлмат алады.
Актердың айтуынша, «Со-Общение» – ол монологтан диалогқа ауысып, өз ойларымен, идеяларымен бөлісті. Алты жыл бойы әртіс Альбер Камюдің «Падение» атты спектакль-монологын орындап жүр.

Евгений Жуманов актер ретінде отандық «Перекресток» сериалында дебют жасаған болаған. Одан кейін «Каждый взойдет на Голгофу», «Город А», «Астана – жүрегім менің» және басқа фильмдерде ойнады.
Кездесу 15 шілдеде 23:00-де Байтен Омаровтың «Жас Сахна» және 23 шілдеде 19:30-да «Тенгри-Умай» галереясында өтеді.
Билеттерді ticketon.kz және театр кассаларынан алуға болады. Студенттер мен зейнеткерлерге – 50% жеңілдік.
Әйгерім Қасқыр






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін