È

Disney-дің «Артемис Фаул» фильмінің түсірілімі басталды

Disney-дің «Артемис Фаул» фильмінің түсірілімі басталды

Лондонда Disney-дің жаңа фильмі «Артемис Фаулдың» түсірілімі басталды. Режиссер Кеннет Брана жазушы Йон Колфердің данышпан бала Артемис Фаул жайлы алғашқы кітабының сюжетін экранға шығарады. Бейімделген сценарийдің авторы ретінде әр түрлі кинофестивальдерде бірнеше рет марапатталған драматург Конор Макферсон жұмыс істеді. Түсірілім Лондонда өтеді, ал содан кейін Хошиминде (Вьетнам) жалғасады.

Аңызға айналған қылмыскерлер отбасының ұрпағы 12 жастағы данышпан Артемис Фаул әкесінің жоғалып кетуінің артында тұрған күдіктілер, қуатты және жұмбақ эльфтермен тең емес күреске түседі. Жас актер Фердия Шоу басты рөлді сомдайды. Лара МакДоннелл («Махаббатпен, Рози») Артемистің эльфтердің алтынын қолға түсіру мақсатында тұтқында ұстаған адуынды және батыл эльф капитаны Элфи Малойды сомдайды.

Гавань қаласындағы ЛеППРКОН жерасты барлаушыларының таңдаулы бөлімінің жетекшісі майор Куртты Дама Джуди Денч сомдайды. Эльфтерді құтқару операциясын бастайтын гном-клептоман Мульч Рытвингтің рөлін Джош Гад («Сұлу ару мен құбыжық») сомдайды. Нонсо Анози («Күлше қыз») Фаул отбасының Дворецки есімді күзетшісінің рөлін, ал актриса Тамара Смарт оның жиені Джульеттің рөлін сомдайды. Артемистің анасы Ангелинаның рөлін Миранда Рэйсон («Шығыс Экспрессіндегі өлім») бейнелейді.

Disney–дің «Артемис Фаул» фильмінің түсіріліміне Кеннет Брана қайтадан бұдан бұрын «Шығыс Экспрессіндегі өлім» детективінде бірге жұмыс істеген оператор Харис Замбарлукосты, суретші-қоюшы Джим Клэйды, композитор Патрик Дойлды және әрлеуші-суретші Кэрол Хеммингті шақырды. Киімдерге суретші Сэмми Шелдон Диффер («Қанішердің кредосы»), ал өңдеуге – Мартин Уолш («Ғажайып әйел») жауапты болады.

«Артемис Фаул» Қазақстандағы ауқымды айналымға Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2019 жылдың 9 тамызынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер