Disney-дің «Мулан» шытырман оқиғалы фильмінің түсірілімі басталды

Disney студиясы экранға бірнеше жыл бұрын шыққан табысты аттас анимациясына негізделген жаңа жобасы Мулан шытырман оқиғалары жайлы ойнамалы фильмі түсірілімінің басталғанын хабарлады. Таспа Қытай мен Жаңа Зеландиялық локацияларда түсіріледі. «Мулан» халықаралық тұскаукесеріне 2020 жылдың көктемінде ие болады деп жоспарлануда. Қытай аңыздарының желісі бойынша түсірілетін бұл экрандаудың режиссері Ники Каро («Энн» хикаясы, «Зообақ қараушысының әйелі») болмақ. «Мулан» актерлік нұсқасына арналған сценариймен Рик Джаффа («Маймылдар аралы: Соғыс», «Теңіз жүрегінде») өзінің жары әрі тұрақты қосалқы авторы Аманда Сильвермен бірге жұмыс істеді.
«Муландағы» басты рөлді Лю Ифэй («Қуғында», «Тыйым салынған патшалық») сомдайды, ол жігерлі әрі табанды жауынгер қыз жайлы оқиғаның ортасына айналады. Мулан жайлы аңыз ең маңызды қытай мифологиясы болып қалған, мұны міндетті түрде Қытай мектептерінде оқытады, тіпті оқу бағдарламасына енген. Мулан өзін еркек сияқты көрсетіп, солтүстіктен Қытайды талқандауға келген басып алушыларға қарсы соғысқа аттанады. Жас бойжеткен шайқаста өзінің батырлығы мен мықтылығын көрсетеді.
Мулан айбынды жауынгер Хуаның үлкен қызы болып келеді. Императордың бұйрығынан кейін бойжеткен ауру әкесінің орнына қытай әскерінің қатарына қосылады. Кейін оның атағы шығып, Қытай тарихындағы ең құрметті жауынгердің біріне айналады. Бір қызығы, Disney-дің «Мулан» толықметражды мультфильмі 20 жыл бұрын 1998 жылдағы ең табысты жобаның бірі атанып, «Оскар» мен «Алтын глобус» аталымдарына ие болған.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін