È

Nomad Stunts каскадерлары «Мулан» ойнамалы ремейкіне қатысады

Nomad Stunts каскадерлары «Мулан» ойнамалы ремейкіне қатысады

Nomad Stunts каскадерлік тобы «Мулан» мультфильмінің ойнамалы ремейкіне қатысып жатыр. Disney-дің аттас анимациялық таспасының көркемдік нұсқасының түсірілімі Жаңа Зеландияда өтуде.

Қазіргі таңда голливуд картинасының түсірілім алаңында екі отандық каскадер бар. Топтың қалған мүшесі «Томирис» тарихи таспасының түсірілімі аяқталған соң қосылады. Голливуд картинасының түсіріліміне Nomad Stunts-тың 25 каскадеры қатысады деп күтілуде, топтың арт-жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов жобада хорс-тренер (аттарды трюктерге дайындаумен айналысады – Ред.) ретінде жұмыс істемек.

«Томирис» фильмінің түсірілімі
«Томирис» фильмінің түсірілімі

Еске салсақ, Disney студиясы 2015 жылы «Мулан» (1998) мультфильмін ойын форматына өзгертетінін жариялаған болатын. Жоба режиссері ретінде Ники Каро («Зообақ қараушысының әйелі») тағайындалды, ал басты рөл қытай актрисасы Ифэй Люге Тыйым салынған патшалық») бұйырды. Сюжеті түпнұсқа мультфильміндегідей, жауынгерлердің арасына қосылатын ер азаматтың киімін киіп алған батыр қыз жайлы баяндайды.

Disney «Алиса ғажайыптар елінде», «Күлшеқыз», «Ұйқыдағы ару», «Орман кітабы» және «Сұлу ару мен құбыжық» картиналарының ойнамалы нұсқасын шығарған болатын. Ал «Арыстан патша» өңделіп жатыр.

Nomad Stunts каскадерлар тобының қатысуымен түсірілетін «Мулан» анимациясының ремейкін көрермендер 2020 жылдың 27 наурызында тамашалайтын болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист