Актердің жоспарында студияның негізін қалап, алғашқы екі фильмді түсіру. Фильмдердң нақты не жайында болатынын әзірге құпия, бірақ фильмнің тай боксы және муай тай өнері туралы болады деген сыбыс бар. Сигал тайлық билік басышларымен кездесіп, рұқсат алу мен лицензия туралы сөйлескен. Тай үкіметі шетелдік киноға жақсы қолдау білдіреді, ел бюджетінен киноға 8,5 миллион доллар қаржы бөлінеді. Киноөндірушілер корльдіктің территориясында кино түсірсе, осы соманың 15-20 пайызын қайтарып ала алады. Осылайша биліктегілер елдегі турзимді дамытады, 2012 жылы Lost in Thailand қытай кинолентасынан кейін туристік белсенділік арта түскен.