È

Стивен Содерберг жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалуда

Стивен Содерберг жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалуда

Режиссер Стивен Содерберг («Оушеннің он бір досы», «Логан сәттілігі») продюсер ретінде келесі жобасына дайындалуда, тіпті режиссер болып қалуы да мүмкін. Содербергтің жаңа жобасы, «Қанішер ғаламшар» жанры бойынша динамикалық триллерге жатады. Таспа Скот З. Бёрнс («Жұқтыру», «Борн ультиматумы») пен Джеймс Грирдың («Көрші тыңшы», «Өзін-өзі ұстай алмайды») түпнұсқа сценарийі бойынша түсіріледі.

Әзірге бұл фильм хикаясына қатысты мәліметтер белгісіз, бірақ атауына қарап, оның қызыққа толы тосын сый болатынын бағамдай беруге болады. «Қанішер ғаламшар» атауы Содерберг шығармашылығындағы грайндхаус желісін меңзейді. Сондықтан, атауы Роберт Родригестің «Қорқыныш ғаламшарына» ұқсайтын жобаның сюжеті шынында да қызықтыруда.

Содерберг пен Грир бұрын толығымен iPhone-ға түсірілген «Өзін-өзі ұстай алмайды» психологиялық триллерімен бірге жұмыс істеген болатын. Ол триллердің концепті өте қызықты, осы аптада картинаның трейлері туралы айтқан болатынбыз. Түсірілім қаржысына қатысты сұрақтар әлі де өзекті болып отыр, Содерберг «Қанішер ғаламшарды» да стандарттан тыс кино құрылғыларға түсіретін шығар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса