Стивен Спилберг DC-дің «Қара қаршыға» комиксінің экрандауымен айналыспақ
Стивен Спилберг («Бірінші ойыншы дайындалсын», «Құпия құжаттама») DC-дің «Қара қаршыға» комиксінің экрандауымен айналысады. «Қара қаршыға» комикстер желісі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацизмге қарсы күресіп,жеңісті жақындатқан батыр ұшқыштардың халықаралық бірігуін баяндайды. Спилбергтің Amblin Entertainment компаниясы Warner Bros. тапсырысы бойынша өндіріспен айналысады. Түсірілімге «Бірінші ойыншы дайындалсын» фильмінің түсіріліміне атсалысқан кәсіби мамандар да қатысады.
Сценарист әрі режиссер Дэвид Кепп Спилбергпен бірнеше рет жұмыс істеген және «Юрск кезеңі саябағы», «Юрск кезеңі саябағы 2: Жоғалған әлем», «Әлем соғысы» мен «Индиана Джонс және Мөлдір қаңқалар патшалығы» сынды блокбастерлерге хикая жазған. Сонымен қатар, ол «Қара қаршығаның» сценарийін құрастырды. Бұл материал Индиана Джонс жайлы франшизасы арқылы танылған режиссер үшін арнайы тапсырыспен жасалғандай көрінеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін