È

«Жоғары сезімталдық»: ғылыми-фантастикалық драманың бірінші трейлері

«Жоғары сезімталдық»: ғылыми-фантастикалық драманың бірінші трейлері

«Жоғары сезімталдық» - компьютерлі технологияның адам миына қосылғаны жайында көрсететін толықметражды ғылыми-фантастикалық драма. Адамзаттың күнделікті өмір сүру салтын өзгертетін әдіс табылды. Бір қарағанда, жаңа технология әлемді жақсарта түсіп, кедейтікті жеңуге, әр адамның жеке қабілетін шыңдауға көмектесетін секілді болып көрінеді. Дегенмен, барлығы жоспарлағандай болмайды, себебі қиял мен шынайы өмір араласып, шынайылық пен сағымның қай кезде басталып, қашан аяқталатыны түсініксіз болып қалады.

«Жоғары сезімталдық» сюжеті бойынша тұрмыстағы әйел құпия түрде естеліктерді басқаратын мекемеде жұмыс істейді. Осы уақытта күйеуіне бұрынғы кездегі әскери естеліктер елестейді. Ол көрген дүниесінен қатты әсер алады...

Таспаның режиссері Люк Теддер 17 жасында әуелі Лондонда көрсетілген «Мақсатты жан» алғашқы толықметражды фильмін түсірген болатын. Теддер L&A Pictures өндірістік компанисын құрған соң, тәуелсіз кино түсіре бастады.

«Жоғары сезімталдық» фильмінің тұсаукесері 2018 жылдың 10 ақпанында болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер