È

Тәуекел Мүсілім алғаш рет сүйіктісі туралы айтып берді

Тәуекел Мүсілім алғаш рет сүйіктісі туралы айтып берді

Қазақстанның ең қызығарлық күйеу жігіті, отандық киноның секс-символы Тәуекел Мүсілімнің сүйіктісі бар екен. Жігіт ұзақ уақыт бойы бойдақ жүрген болатын, енді ол алғаш рет сүйіктісі туралы ашық айтып, барлығына нүкте қойғысы келді.

«Менің сүйіктім бар. Үйленуге асықпаймыз, өйткені ол әлі оқып жатыр. Келесі жылы үйленетін шығармын. Ол осы жазда 19 жасқа толады. Екеуіміздің арамыз 11 жас. Ол жас болғанымен, айналаға деген көзқарасы және жауапкершілігі қалыптасқан ересек адамдыкіндей. Ол көп сөйлегенді ұнатпайды, салмақты. Көпшілігі жігіттердің анасына немесе әпкесіне ұқсайтын қыздарды іздейтінін айтады. Шынымды айтсам, мен оны жолықтырғанда әпкемді көргендей болдым. Қателеспеген екенмін: олардың мінездері келеді», - деді Тәуекел Мүсілім Astana телеарнасындағы «Ел аузында» бағдарламасында.

Актердің айтуынша, ол өмірінде үш рет қана шынайы ғашық болған. Алғашқысы мектептегі пәк махаббат болған, ал қалған қарым-қатынасты өзі тоқтатқан. Жігіт өткен өміріне орала алса, басқаша әрекет ететінін жасырмады.

Ал қазіргі махаббатын Тәуекел әлі анасына таныстырмапты. Бірақ, қазір қатысып жүрген жобаның түсірілімі аяқталған соң, таныстыруға уәде берді.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист