Тәуекел Мүслім «В поисках мамы» фильміне түсті
Қазақстандық актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүслім «В поисках мамы» деп аталатын жаңа фильмнің түсіріліміне қатысты. Картина әлеуметтік драма жанрында түсірілген, фильмді түсірген «Салам, Нью-Йорк» атты белгілі фильмнің режиссеры Руслан Акун. Продюсер - Нұрбек Айбашов, сценарийін жазғандар «Биртууганчик» фильмінің актерлері Бақыт Осмонканов және Жениш Майрамбек уулу.
«В поисках мамы» - өте мейірімді, болашақтан үміті мол жетім бала азамат жайлы. өзінің туған анасын іздеп кейіпкер АҚШ-қа барады, сол жерде Даниярмен кездеседі. екі кейіпкерді қызықты саяхат күтіп тұр.

Бас кейіпкерлердің бірі Даниярды Тәуекел Мүслім ойнады. Бұған дейін еліміздің белгілі жүргңзушісі «Все из-за мужиков» отандық комедиясының түсіріліміне қатысқан болатын. Екі кинолента да актер үшін толық метрдегі дебюті.
«В поисках мамы» драмасы прокатқа 1 қаңтарда шығады.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін