È

Тэнди Ньютон режиссерлік дебютінің жәй-жапсарын айтып берді

Тэнди Ньютон режиссерлік дебютінің жәй-жапсарын айтып берді

Актриса Тэнди Ньютон («Жабайы Батыс әлемі» хикаясы, «Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих») режиссерлік дебютінің жәй-жапсарын баяндады. Оның үстіне, ол жеке жобасының сценарийін жазып жатыр. Ньютон әзірге фильмінің атауын айтпауды жөн көрді, оның таспасындағы оқиға Окленд америкалық қаласында 1968 жылы өрбиді және үш афроамерикандық қыз туралы баяндайды.

Тэнди Ньютон бұл идеямен бес жылдай айналысып жатыр. Фильм жасөспірімдерге арналған романның экранды бейімдеуі болады, оны актрисаның үш қызы жас кезінде сүйсініп оқыған еді. Үлкен қызы осы кітап бойынша толықметражды фильм түсіруге болатынын жобалаған.

«Барлығымыз оқып болған соң, көз жасымызды тоқтата алмадық. Мен кітап құқығын иеленген адамды тауып алдым. Ол тамаша баспагер еді, мен онымен бұл жұмыс басталмай тұрып, бір жыл бұрын осы жайлы әңгіме қозғадым. Ол бұл жобада менің ананың рөлін сомдай алатынымды және басты рөлдерде кішкентай үш қыздың болатынын айтқан еді. Бұл бірінші кезекте, жеке бастың бостандығы жайлы фильм болады», - деп хабарлады Ньютон.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер