È

«The Breaker Upperers»: Жаңа Зеландия комедиясының алғашқы трейлері

«The Breaker Upperers»: Жаңа Зеландия комедиясының алғашқы трейлері

«The Breaker Upperers» жаңазеландиялық комедиялық таспасының ресми көрсетілімі АҚШ-тың «Оңтүстік арқылы оңтүстік-бастысқа» (SXSW) фестивалінде өтеді. Фильмнің продюсері ретінде өткен жылдың күзінде «Тор: Рагнарёк» экранға шыққаннан кейін танымалдылығы артқан режиссер Тайка Вайтити («Жыртқыштарды аулау», «Шынайы обырлар») жұмыс істеді. Сондай-ақ, «The Breaker Upperers» көрсетілімі еуропалық кинобазары қатар жүретін Берлин фестивалінде өтеді.

«The Breaker Upperers» фильміне арнап сценарий жазған, фильмді түсірген, және басты рөлдерді сомдаған Мадлен Сами мен Джеки ван Бик осыған дейін Вайтитимен жұмыс істеген және оның «Қыран акулаларға қарсы», «Шынайы обырлар» және «Ұл бала» фильмдеріне түскен болатын. Жаңа таспаның оқиғасы бір адамнан алданғанын анықтаған екі әйелдің айналасында өрбиді. Іштері күйген екеуі айырылмас құрбыға айналып, болашақ отбасылық жұптарды ажыратып ақша табатын шағын кәсіпті қолға алады.

Бас кейіпкерлер ешкіммен кездеспейді және эмоционалдық қарым-қатынастарға жол бермейді. Олардың кәсіптері жылдам дамиды және өздерінің арсыздықтарынан ұялмайды, жастары 30-ға келсе де, екеуара жақсы өмір сүріп жүре береді. Күтпеген жерден, олар ескі құрбаны Мэлмен (Мадлен Сами) кездескенде, ар-ұжданы мазалап, достықтары сынға түседі.

«The Breaker Upperers» комедияының көрсетілімі 2018 жылдың наурызында өтеді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер