Ticketon Live & Brod.kz: №14 шығарылым
Өмір бойы жұмыс істейсің, істейсің, бірақ дұрыстап қарттық шағыңа қаржы жинай да алмайсың. Дәл осындай жағдай Зак Браффтың «Уйти красиво» комедиясындағы үш қарт достардың басынан өткен. Бұл картина – 1979 жылы тонау туралы түсірілген танымал фильмнің өзіндік ремейкі. Картинаға америкалық киноның өткен жүзжылдықтағы классикалық актерларының орнына бүгінгі классиктер: Алан Аркин, Морган Фриман және Майкл Кейн келді.
Адамдарды өткен өмірі мен бұрыңғы естеліктері үнемі толғандыратыны рас. Әсіресе, алғашқы махаббатқа қатысты естеліктердің жанға ауыр тиетіні де жасырын емес. «Уна» драмалық триллері алғаш рет 2005 жылы жарыққа шыққан шотландық драматург Дэвид Харроуэрдің «Черный дрозд» пьесасының негізінде түсірілген. Басты рөлдерді Руни Мара мен Бен Мендельсон сомдайды.
«Уна» фильмінен көрініс
Осы аптадағы кассалық жинаққа назар аударсақ. Алдыңғы орынды әлі де «Босс-молокосос» мультфильмі бермей келеді. Екінші орында «Сплит» триллері, ал үшінші орында «Призрак в доспехах» атыс-шабыс фильмі тұр.
«Тикетон» компаниясы ұсынған киноға екі билет ұтыс ойынына қатысыңыздар. Ол үшін әлеуметтік желілерде «Тикетон» парақшасына (@ticketonkz) жазылып, осы бейнежазбамен #ТикетонLive51 хэштегін қолдана отырып, өз парақшаңызға бөлісу арқылы қойыңыз.
Айналымдағы фильмдер туралы пікірді мына жерден оқи аласыздар. Тұсаукесер фильмдердің кестесін кинотеатр афишасынан көре аласыздар.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін