È

Ticketon Live & Brod.kz: №19 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Жазғы ғажайып

Әлемдік кинематографтар жаздың басталуын ғажайыптарды көрумен, әсіресе Ғажайып-әйелдің барлық қыр-сырын тамашалап, 1918 жылы құдай әйел болудың қиындығын көрсететін фильмді тамашалаумен бастаған жөн деп шешті.

DC Comics-нің басты кейіпкері Ғажайып-әйел поп-мәдениетте 70 жылдан астам өмір сүріп келеді. Бірақ, енді ғана толық кинодебютке айналып үлгерді. «Ғажайып-әйел» - әлемдік DC-тің «Өз-өзін өлтірушілер тобынан» кейінгі бүкіл әлемдегі жанкүйерлерінің ұзақ күткен төртінші кеңейтілген фильмі. Салт аттылардың ханшайымы Диана туралы жеке блокбастер 2005 жылы экранға «Электра» фантастикалық атыс-шабыс фильмі шыққан кезден бастап суперкейіпкердің басты рөлді сомдауындағы алғашқы фильм болмақ. Салт атты жауынгер сұлу қыздардың адалдығы олардың ер азаматтарды мүлдем көрмегендігінен білінеді. Бір күні Теміскір жағажайында Бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің ұшқышы Стив Тревордың (Крис Пайн) ұшағы апатқа ұшырайды. Ол көз жасына ерік беріп, бар қайғыны баяндап отырған кезде, Диана шабыттана түседі. Бойжеткен нағыз салт атты ретінде бұғалық пен қылышты қолына алып, әскери киімін киіп, Тревормен бірге адамзатты құтқаруға аттанады.

«Ғажайып-әйел» фильмінен көрініс

Жазды тойлаудың тағы бір екінші нұсқасы Малибу жағажайы мен оның қызыл киімді құтқарушылары туралы фильмді көруден басталады. 20 жыл бұрын экранға шықпай кеткен «Малибу құтқарушылары» телехикаясына деген сағыныш көрермендерді көп қинады. Ендігі кезекте құтқарушылар қайтадан бізбен бірге, бірақ, мүлдем басқа құраммен... Тек басты кейіпкер Си. Джей. Паркер немесе Памела Андерсонды айтпағанда...

Жаңа фильмнің басты рөлін сомдаушы Дуэйн Джонсон өзінің Instagram парақшасына танымал кейіпкермен бірге түскен суретін жүктеді. Жаңа картина сюжеті мұнай компаниясының кесірінен сүйікті жағажайдан айырылып қаупі туралы баяндайды. Құтқарушылардың өздерінің тұратын жерін қаншалықты қорғайтыны белгісіз. Дегенмен, Зак Эфрон, Дуэйн Джонсон және Приянка Чопраның мұны мейлінше әдемі жасайтыны анық.

Өткен аптада кассалық жинақтың ең дәмдісі «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» картинасына тиесілі болды. Осылайша, «Артур патшаның қылышы» өз орнын беріп, екінші орынға жайғасты. Ал үшінші орынға «Бөтен: Өсиет» картинасы тұрақтады. Айналымның үздіктері туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

«Тикетон» байқауына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алыңыздар. Байқау шарттары өте жеңіл: әлеуметтік желілер арқылы «Тикетонға» (@ticketonkz) жазылып, төмендегі бейнежазбаны #ТикетонLive59 хештегімен бірге өз парақшаларыңызға қойыңыз.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер