È

Ридли Скоттың «Бөтен. Өсиет» фильмінің Қазақстандағы алғашқы кассалық жинағы

18-21 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Отандық айналымға Ридли Скоттың «Бөтен. Өсиет» («Чужой: Завет») фантастикалық триллері, «Тастан шыққан дауыс» («Голос из камня») детективті хикаясы және «Уолл-Стриттегі аңшы» («Охотник с Уолл-Стрит») драмасы жол тартқан болатын.

Қазақстандағы кассалық жинақтың көш басында «Бөтен. Өсиет» фильмі тұр. Ридли Скоттың жаңа жұмысы 248 488 000 теңге пайда тапты. Алайда, картина осы айда кассалық жинақ бойынша алда келе жатқандардан артта қалып қойған. Алдыңғы үздіктердің жинағы мынадай болған еді: «Галактика сақшылары. 2 бөлім» - 867 304 000 теңге, «Артур патшаның қылышы» - 347 448 000 теңге. «Бөтен: Өсиет» картинасы 1979 жылы түсірілген «Бөтен» фильмінің үш приквелінің алғашқысы және 2012 жылы түсірілген «Прометейдің» сиквелі болып табылады. Жоба алғашында «Бөтен: Тастанды жұмақ» деп аталған еді, кейіннен атауы өзгертілді.

Екінші орынды 222 235 000 теңге көлеміндегі жинағымен Гай Ричидің «Артур патшаның қылышы» иеленді. Жоба жарыққа шығардың алдында көптеген өзгерістерге ұшыраған. Алғашқы нұсқасында Артурдың рөлі Кит Харингтонға, ал Ланселот рөлі Юэль Киннаманға берілген болатын. Кейіннен Артурды сомдауды Колин Фаррелге ұсынған. Алайда, ол нұсқалар продюсерлердің көңілінен шықпады. Ақыры, жобадағы басты рөлге Чарли Ханнэм ие болады. Әйгілі Экскалибур қалышын жасауға Тим Уайлдгустың қару жасаушылары жұмылдырылды. Қылыш шетінде жазулары бар дамаск құрышынан дайындалған.

«Бөтен: Өсиет» фильмінен көрініс

Үздіктердің үштігінде 70 155 700 теңгемен «Галактика сақшылары. 2 бөлім» фильмі тұр. Джеймс Ганн аталмыш картинаның дүниеге келуіне 2008 жылы шыққан «Темір адам» («Железный человек») туындысы себеп болғанын жасырмады. Сол себепті де, ол фильмде Темір адамның болуын қалаған шығар. Бірақ, кіші Роберт Дауни енді Тони Старктың рөлін сомдағысы келмейтінін айтқанда, бұл идеядан бас тартқан. Түсірілімнің уақытында алаңда 50 гример жұмыс істеді, олар 1250 силиконды маска дайындаған.

Балет өнеріне арналған «Үлкен» («Большой») ресейлік драмасы 30 148 000 теңге табыс тапқан. Фильм сценарийін Анастасия Пальчикова жазды. Автор бірнеше жылдар бойы фильм драфтымен жұмыс істеген. Картина музыкасымен композиторлар Павел Карманов пен Анна Друбич айналысты. Кейіпкерлердің сыртқы бейнесіне Александр Осипов жауапты болды, ол «Үлкен» үшін 500-ге жуық ерекше киімдер тіккен. Картинадағы хореографияны бұрын «Сәнқойлар» («Стиляги») фильмі мен «Оттепель» хикаясымен жұмыс істеген Олег Глушков қойды.

«Үлкен» фильмінен көрініс

«Құдай сауыттары: Қазына іздеу» («Доспехи Бога: В поисках сокровищ») фильмі арқылы Джеки Чанның қайта оралуы қазақстандықтарды ерекше әсерге бөле қоймаған сыңайлы. Экшн көріністерге толы комедия кассасын 21 542 400 теңгеге толықтырды. Режиссер Стэнли Тонг үшін бұл картина - Джеки Чанның қатысуындағы екінші жұмысы. Екеуі де бұрын «Аңыз» («Миф») фильмінде бірге жұмыс істеген. Танымал франшизаның төртінші бөлімі Үндістанда, Қытайда, Дубай мен Исландияда түсірілген. Авторлар жобаны дүниеге әкелу үшін 65 миллион доллар жұмсаған.

Реза Мемаридің дебютті режиссерлік жұмысы – «Қанатты үштік» («Трио в перьях») анимациялық таспасы 16 620 000 теңге табыс тапқан. Мультфильмнің тұсаукесері 2017 жылдың ақпан айында Халықаралық Берлин кинофестивалінде болған. Картинаны өндіруге Люксембург, Германия, Бельгия және Норвегия елдерінен келген мамандар атсалысты.

«Қанатты үштік» мультфильмінен көрініс

Айналымда «Уолл-Стриттегі аңшы» («Охотник с Уолл-Стрит») фильмі сәтсіздікке ұшырады. Америкалық драма бар-жоғы 11 576 000 теңге жинаған. Фильм - актер әрі продюсер Марк Уильямстың режиссерлік дебюті. Сценарий авторы - Билл Дюбюк. Киноның түсірілімі Торонто мен Чикагода өткен. «Уолл-Стриттегі аңшы» фильмінің тұсаукесері өткен жылы Торонто кинофестивалінің аясында болған еді.

Аздаған касса жинағандар: «Аулақ» («Прочь») - 5 356 000 теңге, «Тастан шыққан дауыс» («Голос из камня») - 4 848 000 теңге, «Мұхаммед: Аллаһ Елшісі» («Мухаммад: Посланник Бога») - 4 368 000 теңге, «Ас үй. Соңғы шайқас» («Кухня. Последняя битва») - 2 509 000 теңге.

 

* Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісі қосылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер