È

«Артур патшаның қылышы» фильмі қазақстандық айналымға сәтті шықты

11-14 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Өткен апта алғашқы кассалық жинақты «Артур патшаның қылышы» драмасына, «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» шатырман оқиғалы фильміне және «Үлкен» орыс картинасына сыйлады.

Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингі бойынша алда келе жатқан «Артур патшаның қылышы» фильмі. Гай Ричидің режиссерлік жұмысы алғашқы аптада 347 448 000 теңге жинады. «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» картинасымен салыстырсақ (867 304 000 теңге), «Артур патшаның қылышы» сәтті басталды. Фильм түсірілімі 2015 жылы 2-наурызда басталып, Уэльс, Шотландия және Англияда салынған алаңқайларда өтті. Актерлар мен түсірілім тобын ары-бері тасу үшін 50 автокөлік пайдаланылған. Ресейде Артур туралы картина 30 миллион рубль жинаған.

Екінші орынды «Галактика Сақшылары: 2 бөлім» фантастикалық блокбастері иеленді. Фильм айналымның екінші аптасында 224 042 000 теңге табыс тапқан. Режиссер Джеймс Ганн бір сұхбатында түсірілімге Дэвид Боуиді шақырғысы келгенін айтқан еді. Алайда ол үлгермеді, әнші 2016 жылдың 10-сәуірінде қайтыс болып кетті. Кинотаспаның әлемдік тұсаукесері 2017 жылы 10-сәуірде Токиода болды. Ал АҚШ-та картина тек 5-мамырда көрсетілді. Қазіргі таңда сценаристер тобы үшінші бөліммен қызу жұмыс істеп жатыр. Фильм ресейлік айналымда 36 миллион рубльға жуық қаржы жинады.

«Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмінен көрініс

Үшінші орынға жүз миллион теңгедей айырмашылықпен «Құдай сауыттары: Қазына іздеу» картинасы жайғасты. Шытырманға толы атыс-шабыс фильмінің алғашқы жинағы 29 308 000 теңгеге тең. Фильм негізіне Тан әулеті өкілдерінің Үндістанға сапары туралы шынайы оқиға арқау болған. Сол кезде көптеген қазыналарымен бірге патшаның үнді әскері қүпия түрде жоғалып кеткен. Авторлардың айтуынша, картина бюджеті 65 миллион долларды құрады. Өкінішке қарай, ресейлік көрермен Джеки Чанның еңбегін бар болғаны 2 миллион рубльге бағалаған.

Қазақстандық көрерменді Валерий Тодоровскийдің «Үлкен» картинасы таң қалдыра алмады. Кинотаспаны 84 күн түсірген, оның екі аптасы Мәскеудегі Үлкен театрдың залында өткен. Басты рөлге актрисаны бүкіл Ресей бойынша іздеген, ақыры Варшава опера және балет театрының труппасынан Маргарита Симонованы тапқан. Драма өз отанында 8 миллион рубль жинағымен үшінші орынды иеленді.

«Құдай сауыттары: Қазына іздеу» фильмінен көрініс

Миллиондар жинаудан «Мұхаммад: Аллаһ Елшісі» иран фильмі де қалыс қалар емес. Картина 11 349 000 теңге көлемінде пайда тапты. Исламның пайда болуы туралы баяндайтын кинотаспаның музыкасын үнді композиторы Алла Ракха Рахман жазған. Ол кезінде «Лас жерден шыққан миллионер» («Миллионер из трущоб») картинасымен жұмыс істегені үшін бірнеше марапатқа ие болған. Жобаның жалпы шолу бөліміне «Оскар» жүлдесіне үш мәрте үміткер болған кинооператор Витторио Стораро жауапты болды.

«Аулақ» («Прочь») америкалық хорроры алғашқы аптада 8 808 000 теңге жинады. Фильм режиссер Джордан Пил үшін дебют болды. Бұл картинаны түсіруге Эдди Мерфидің кавказ құрбысының ата-анасымен кездесуі туралы әңгімесі себеп болған екен. Фильмді 28 күн бойы Алабама штатында түсірген. Ресейде «Аулақ» фильмі 6 миллион рубльға жуық қаржы жинаған.

«Аулақ» фильмінен көрініс

Жетінші орынға «Форсаж 8» фильмі 7 800 000 теңгемен жайғасты. Американдық франшизаның жаңа бөлімінің сценарийін Крис Морган мен Гэри Скотт Томпсон жазған. Картинаның музыкалық әрлеуімен композитор Брайан Тайлер айналысты. Ол бұрын «Құдіретті рейнджерлер» («Могучие рейнджеры») (2017), «Жалғандықтың елесі 2» («Иллюзия обмана 2») және «Үш икс: Әлемдік үстемдік» («Три икса: Мировое господство») жобаларымен жұмыс істеген. Ресей көрермені «Форсаж 8» картинасына 1 миллион рубль жұмсаған.

Айналымнан аз қаражат жинағандар: «Рок Дог» мультфильмі - 2 548 000 теңге, «Босс-молокосос» анимациясы - 1 677 000 теңге және «Ас үй: Соңғы шайқас» комедиясы - 1 664 000 теңге.

 

*Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:51

Артут побил рекорды. Отличная игра актеры. Схем эффекты. Стиль. Эпоха. Да все гладко. Но и политический сугубо.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер