È

Қазақстандық айналымда «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмі кассалық жинақ бойынша алда келеді

4-7 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада қазақстандық көрерменге Джеймс Ганн түсірген «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмі ұсынылды. Сондай-ақ, айналымға басты рөлді Эмма Уотсон сомдайтын «Сфера» фантастикасы мен «Уақыт матрицасы» детективі шыққан болатын.

Өткен аптаның кассалық жинағы бойынша рейтингтің басында «Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмі тұр. Джеймс Ганның фантастикалық экшні 867 304 000 теңге пайда тапты. Басында картина 2017 жылдың шілде айында шығады деп жоспарланған, кейіннен мамыр айына ауыстырылды. Екінші бөлімінде Эго атты тірі ғаламшар пайда болады. Бірақ бұл кейіпкерді режиссер 20th Century Fox студиясынан алғанын көбісі біле бермейді. Студия осы үшін Marvel-ден «Дэдпул» фильміне бағытталған шығармашылық бостандықты талап етті. Картинаның Америкадағы жалпы жинағы 145 миллион доллардан сәл ғана көбірек болды. Ал негізі жаңа сақшыларды түсіруге 200 миллион доллар кеткен еді.

Бірінші орыннан екінші тізімге «Форсаж 8» фильмі түсіп қалды. Айналымның үшінші аптасы түсірушілерге 42 198 000 теңге пайда әкелді. Фильм түсірілімі 2016 жылдың көктемінде басталған болатын. Екі түсірілім топ бір уақытта Исландияда және Кубада жұмыс істеді. Кейбір драмалық көріністер Атлантада, Нью-Йоркте және Огайо штатының Цинциннати қаласында түсірілді. Атап өту керек, Кубадағы түсірілімге 200-ге жуық кәсіби мамамндар қатысқан. Фильм АҚШ-та 8 миллион доллар жинады, ал жалпы жинағы әзірге 200 миллион долларды құрады.

«Галактика Сақшылары. 2 бөлім» фильмінен көрініс

Үшінші орынды «Ас үй. Соңғы шайқас» комедиясы иеленді. Кинотаспа жинақты 39 010 100 теңгеге толтырды. Екінші толықметражды ситкомның режиссері Антон Федотов болды. Ал «Париждегі ас үй» бірінші фильмін Дмитрий Дьяченко түсірген еді. Айта кетсек, басты рөлдегі Дмитрий Назаров бір кездері нан зауытында жұмыс істеген, актер 4-дәрежедегі кондитер. Фильмнің Ресейдегі жалпы жинағы - 5 миллион рубль.

Ал келесі «Урфин Джюс пен оның ағаш жауынгерлері» ресейлік жобасы 23 908 750 теңге жинады. Отбасылық мультфильмді музыкамен композитор Михаил Чертищев әрледі. Оның алдында музыкант «Үш батыр: Атпен жүру», «Иван Царевич және Сұр Қасқыр 3» картиналарымен жұмыс істеген. «Урфин Джюс пен оның ағаш жауынгерлері» өз Отанында 2 миллион рубль жинаған.

«Ас үй. Соңғы шайқас» фильмінен көрініс

«Тастанды Z қаласы» фильмі 11 852 650 теңге жинады. Түсірілім алдында режиссер Джеймс Грей «Бүгінгі апокалипсис» фильмін түсірген Форд Копполадан ақыл-кеңес сұраған. Форд режиссерге «Don`t go» деген екі сөзбен жауап қатқан. Кейін белгілі болғандай, Копполаның өзі фильмін түсірердің алдында «B дәрежелі фильмдердің патшасы» атымен танымал Рождер Корманнан осылай ақыл сұраған. Драма Америкада бар болғаны 6 миллион доллар жинады.

«Мұхаммад: Аллаһ Елшісі» биографиялық фильмі 9 813 600 теңге пайда тапты. Картина иран кинематографиясында ең қымбат жоба болып саналады. Оның түсіріліміне 19 миллион долларға жуық қаржы және 7 жылдай уақыт кеткен. Фильм түсірілімі режиссерге де, сценаристке де қиынға соқты. Өйткені, көріністер Құран сүрелері мен сүннет хадистері арқылы таспаланғандықтан, қателікке жол берілмеу маңызды болды.

«Тастанды Z қаласы» фильмінен көрініс

«Құпия агент» атыс-шабыс фильмі кассаны 9 143 650 теңгеге толтырды. Кинотаспа - «Қауіпті құралдар», «Су астындағы ағын», «Адвокаттар» хикаялары арқылы танымал актер Питер О`Брайеннің алғашқы сценарийлік жобасы. Ал актерлар Орландо Блум мен Майкл Дуглас үшін «Құпия агент» фильмі екінші біріккен жобалары болып табылады. Олар мұның алдында «Арнайы коллекциялық басылым» хикаясына бірге түскен.

Өткен аптаның аутсайдерлерінің қатарына 8 450 000 теңге жинағымен «Сфера» фильмі, 7 988 250 теңге көлеміндегі қаржымен «Уәде» драмасы, 7 228 000 теңгемен «Бір сен үшін» отандық мелодрамасы және 4 698 200 теңге жинағымен «Менің қызым – құбыжық» фантастикасы кірді.

 

*Материал Rentrak пен Ticketon.kz жүйелерінің мәліметтері бойынша дайындалды

Қазақстанда Rentrak жүйесіне Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі қосылған

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер