È

Ticketon Live & Brod.kz: № 28 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Таулар арасымен жүргендер

Аңыз болуға лайықты фильмдер бар. Ал аңызды дәл сондай жоғары деңгейде түсіру орындалмас міндет сияқты.

«Жүзбен жүгіруші» фильмінің 7 нұсқасы бар, олардың негізгілері: 1982 жылғы хэппи-эндпен аяқталған түпнұсқасы. Ол киносыншылар тарапынан сынға ұшырап, айналымда сәтсіз болған. Сонымен қатар, 1992 жылғы жарқын соңымен аяқталған режиссерлік нұсқасы тамаша, ол The Guardian британ газетінің 60 ғалымдардан жүргізген сауалнамасына сәйкес, тарихтағы үздік фантастикалық фильм атанды. Бүгін экранға әйгілі неонуарлы антиутопияның сиквелі - «Жүзбен жүгіруші 2049» фильмі шығады. Ерекше картинаның продюсері - Ридли Скотт. Warner мен Sony студиялары кинотаспа көрермендерін спойлерлерден қорғап жүрді, картинаны Венециан мен Торонтодағы фестивальдерге де бермеді. Акетрлардың айтуынша, бұл олар қатысқан ең құпиялы жоба болған екен.

«Жүзбен жүгіруші» фильмінен көрініс

Сонымен, «Жүзбен жүгіруші 2049» - заңсыз пайда болған андроид-көшірмелер туралы хикая. Лос-Анджелес полицей офицері Кей (Райан Гослинг) адамзатты Джаред Летоның жасаған көшірмелерінен қорғау үшін 30 жыл бұрын жоғалып кеткен блейдраннер Рик Декартты табуға қатысты тапсырма алады, Рикті Харрисон Форд сомдайды.

Барлығымыз логикалық тұрғыда фильмдегі жағдай шынайы өмірде болса 15-20 минуттың ішінде аяқталатынын елестеткен шығармыз. Бұл жолы тура сондай жағдай болған. Таулар арасында орналасқан аэропортта барлық рейстер ауа-райына байланысты кейінге шегерілді. Аяқ астынан танысқан Бен мен Алекс кішкентай жеке ұшақпен ұшуға дайындалады. Екеуі де өз жұмыстарымен жүріп, кешігіп жатады. Өкінішке қарай, ұшақ апатқа ұшырайды. Тек басты кейіпкерлердің жолдары болады, олар аман-есен қалып, көңілсіз саяхаттарын әрі қарай жалғастырады. Бірақ, олар жұмыстарымен жүрген жоқ, қарлы таулардан аман-есен шығу үшін тыраштанып жүр. «Арамызда таулар бар» картинасы қолайсыз жағдайларда аман қалуға тырысқан адамдар туралы әдеттегі кино ретінде басталады, ол жақта байланыс жоқ, көмек те жылдам келе қоймайды, тағам да аз қалды, оның үстіне Алекстің аяғы сынған. Кейіпкерлер қалай әрекет ету керектігі туралы ақылдасады, бірақ бір шешімге келген кезде табиғат тосын сыйын дайындап, кедергі келтіреді.

«Арамызда таулар бар» фильмінен көрініс

Өткен аптадағы кассалық жинақта «Kingsman: Алтын сақина» үздік деп танылды, ол 59 092 000 теңге жинаған. Одан кейін 13 278 000 теңге көлеміндегі жинағымен «Жалданушы» тұр. Үшінші орынға 12 791 800 теңге жинаған «Тұтқындар» жайғасты.

«Тикетон» компаниясы ұсынатын киноға 2 билет ұтып алу үшін аталған бейнежазбамен #ТикетонLive77 хэштегін көрсету арқылы әлеуметтік желілерде бөлісу қажет.

 

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Strangers_kz

7 қазан 2017, 02:10

Премьера состоялась

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер