È

Топ-10 Қазақстанның белгілі актерлері

Топ-10 Қазақстанның белгілі актерлері

Отандық кино саласы танымал актрисалар мен актерлерге өте бай. Олар өздерінің естеқаларлық кейіпкерлерімен, ойындарымен көрермендердің көзайымына айналған. Кино өнеріне бейжай қарамйтын көрермен өз дауыстарын осындай мықты актерлерге берді. Сіздердің назарларыңызға қазақстандық белгілі актерлердің үздік ондығын ұсынамыз.

10-ыншы орын - Ерден Телемісов

Ол өте сванқырлы тұлға: өзі - актер, тележүргізуші, сценарист және каскадер, сонымен қатар қамқор әке, актердың үш қызы бар. Кинода өзін мойындату үшін Ерден Телемісов біраз қиын жолдардан өтті. Өзінің алғашқы басты рөлін ол «25-інші шақырып» сериалында алды. Сәтті шыққан жобаларының бірі «Марко Поло».

9-ыншы орын - Тұнғышбай Жаманқұлов

Қазақстанның халық әртісі 30 шақты фильмге түскен. Жаманқұловтың соңғы түскен фильмдерінің бірі - «Жаужүрек мың бала». Шығармашылық жетістіктері үшін әртіс ондаған жүоледермен марапатталған. Олардың арасында Монреалда алған «Фипресси» жүлдесі және Нидерландыдағы «Алтын пласти­на».

8-інші орын - Төлепберген Байсақалов

Оның күлкісі мен харизмасы отандық және ресейлік көрерменге жақсы таныс. Байсақаловтың қоржынынан 25 рөлдей бар. Ол драмада, комедия немесе мелодрамада ойнаса да, актер басқалардан ерекшелінп тұрады. Оның соңғы қатысқан жобаларының бірі - «Тараз» фильмі. Осы фильмде қандай кейіпкерді ойнағаны қызық.

7-інші орын - Азиз Бейшеналиев

Актер Қырғызстанда, Ресейде, Қазақстанда жақсы танымал. Азиздің фильмографиясында 29 кинолента бар. Актерлығымен бірге Азиз Бейшеналиев режиссурамен де айналысады. Оның режисерлық жұмыстарының бірі - «Игра на вылет».

6-ыншы орын - Асанәлі Әшімов

Оны кино және театр өнерінің мэтрі деп атауға әбден болады. Асанәлі Әшімов ойнаған «Атаманның ақыры» трилогиясы, «Транссібір экспрессі» және «Маньчжур нұсқасы» картиналарын көрермен өте жақсы қабылдаған. Тағдырдың ауыр соққыларына қарамастан Асанәлі Әшімов қашанда өзінің шығармашылығына адал болды, сондықтан да ол халықтың махаббатына бөленді. Биыл Алматы қаласындағы Жұлдыздар аллеясында Халық әртісінің жұлдызы қойылды.

5-інші орын - Азат Сейтметов

Театр және кино актеры өзінің алғашқы рөлін «Лейтенант С.» фильмінде алды. Асқар Ұзабаевтың «Әке» сериалындағы әке рөлін үшін Азат Сейтметов Seoul International Drama Халықарылқ кино фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.

4-інші орын - Жандос Айбасов

Актердың айтуынша, оның ең сүйікті картиналарының бірі - Төлемуш Океевтің «Көксерек» фильмі. Бүгінде Жандос Айбасов киноға түсудлен бөлек күмістен зергерлік бұйымдар жасаумен айналысады. Актер болашақта өзінің зергерлік дүкенін ашуды жоспарлауда.

3-інші орын - Еркебұлан Дайыров

Актерге танымалдық Ақан Сатаевтың Бауыржан Момышұлы туралы фильмі арқылы келді. 2015 жылы Мәскеудегі халықаралық кинофестивальда Еркебұлан «Шлагбаум» фильміндегі рөлі үшін «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша жеңімпаз болды. Жақында қазақстандық көрермендер актерды Нұртас Адамбайдың «Тараз» криминалдық драмасынан көре алады.

2-інші орын - Санжар Мәдиев

Оның есімі ел аузында, ал оның әрбір рөлі әркімнің есінде ұзақ сақталады. Санжар Мәдиев қазақстандық және шетелдік киноиндустрияда өте қажет актерлердің бірі. Актердың табынушылары ол қатысқан ресейлік «Защитники» фильмін асыға күтуде. Бұл фильмде Мәдиев басты рөлдердің бірін ойнайды. Сондай-ак Санжар америкалық режиссер Джефф Веспаның қазақ әншісі Әміре Қашаубаев туралы «Әміре» фильміне де қатысты.

1-інші орын - Берік Айтжанов

Сыпайы, баяу қалыппен Берік Айтжанов түрлі күрделі кейіпкерлерді ойнау арқылы жаңа биіктерді бағындыруда. Өзінің сұқбаттарының бірінде ол актерлықтың тозақ секілді қиын жұмыс екенін мойындаған болатын. Осы жылдың мамыр айында Айтжановтың қатысуымен «Аманат» фильмі прокатқа шықты. Актер бұл фильмде басты рөлді ойнады. 2017 жылы оның қатысуымен «NauryZ.kz» фильмі шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер