Тұнғышбай Жаманқұлов қылмыстық жауапкершіліктен құтылды
Бюджеттің қаржысын жамқыруға өзінің қатысы бар екенін мойындаған белгілі актер әрі продюсер Тұнғышбай Жаманқұлов қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, бұл туралы антикоррупциялық қызмет хабарлады.
Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның шешімімен актер кепілдікпен босатылды. Мұндай шешім тұтқындалушының жасына және кепілдікті өтеуіне байланысты шығарылды. Өз кезегінде Мәдениет министі Жаманұүловқа жәрдемдесуге дайын екенін айтты. Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, айыпталушы кешірім сұрап Астанға өзі барған.
естеріңізге сала кетейік, 2 Қараша Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильміне бөлінген 69 миллион теңгені жымқырды деген айыппен қамауға алынған еді. Кейін әртіс өзінің кінәсін толығымен мойындады. Тергеу нәтижесінде «Қазақфильм» киностудиясы фильмнің дайындық кезеңіне «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-не 79 млн. теңге аударғаны белгілі болды. Оның 69 млн. теңгесін картинаның бас продюсері Жаманқұлов мырза қолды еткен.
_9l2j.jpg)
«Заблудившийся» фильмінен кадр
«Феникс» атты ғылыми-фантастикалық фильмнің айналасындағы дау режиссер Талғат Жаныбековтан басталды, ол Арыстанбек Мұхамедиұлын киножобаның шығуына қасақана кедергі жасады деп айыптады. нәтижесінде бірнеше сот отырысы болды.
Қазір Тұңғышбай Жаманқұлов үйінде, актердың денсаулығы сыр берген көрінеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін