È

«Марвеннің ғажайып әлемі»: Роберт Земекис Стив Кареллды миниатюралардың фантастикалық әлеміне жіберді

«Марвеннің ғажайып әлемі»: Роберт Земекис Стив Кареллды миниатюралардың фантастикалық әлеміне жіберді

Роберт Земекистің соңғы екі фильмі «Одақтастар» мен «Қыдыру» күткеннен де аз жүлделер мен марапаттарға ие болды. Бірақ, Universal Pictures студиясы сүйікті режиссерге деген сенімін жоғалтпай, Земекистің «Марвеннің ғажайып әлемі» жаңа фильмінің трейлерін ұсынды. Бұл таспа режиссер Джефф Малмбергтің 2010 жылғы «Марвенкол» деректі жобасындағы хикаяларға негізделген. Роберт Земекис Стив Кареллді («Жыныстылар шайқасы», «Ақсүйектер өмірі») миниатюралардың фантастикалық әлеміне жіберді. Фильмдегі оқиға шынайы өмірде және арнайы құрылған қаланың кіші көшірмесінде өрбиді.

«Марвеннің ғажайып әлеміндегі» хикая шынайы еркек Марк Хогэнкэмптің өмірі жайлы баяндайды, оның рөлін Стив Карелл сомдайды. Бес еркек Маркты өлгенше сабаған, ол тоғыз күн комада, 40 күн ауруханада жатып шығады. Шабуылдың нәтижесінде Хогэнкэмп миынан көптеген зақым мен психологиялық жарақат алды. Басынан өткен оқиғадан арылу үшін ол өз үйінің ауласындағы Екінші дүниежүзілік соғыс уақытындағы ірі қаланың көшірмесін жасауға кіріседі. Марк Хогэнкэмп бұл қаланы өзінің, достарының, сүйікті қыздарының, тіпті өзіне шабуыл жасағандардың қуыршақтай көшірмесімен толтырады.

«Марвеннің ғажайып әлемі» өмірбаяндық драмасы 2018 жылдың 21 қарашасында айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер