È

Кевин Харт «Кешкі мектепте» Тиффани Хэддиштен жаңа сабақ алып жүр

Кевин Харт «Кешкі мектепте» Тиффани Хэддиштен жаңа сабақ алып жүр

Universal Pictures студиясы режиссер Малкольм Д. Лидің («Ғажап қыздар», «Өте сұмдық кино 5») «Кешкі мектеп» комедиясының екінші трейлерін ұсынды. Ол жақта Кевин Харт («Джуманджи: Орман шақырады», «Жартылай тыңшы») Тиффани Хэддиштен («Жаңадан келген қыз» хикаясы және «Соңғы нағыз гангстер») жаңа сабақ алуда. Харт ұзақ жылдар бойы күлкілі жанрдың жұлдызы болды, ол өзінің қатысуы арқылы ғана кинотеатрларға көрермендерді жинай алады. Былтыр табысты болған «Ғажап қыздар» ересектерге арналған комедиядан соң Тиффани Хэддиш нағыз жұлдызға айналды, сондықтан осы жұпты біріктіру айдан анық болды, осылайша барлығын одан сайын қызықтыра түсіп, үлкен экрандағы сюжетті күрелендіруге болады.

«Кешкі мектепте» жұмыссыз қалған бұрынғы саудагер Тедди (Кевин Харт) өзі армандаған қаржы секторында жұмыс тауып, арманындағы қызға үйленгісі келеді. Ол бұл жұмысқа бір шартпен орналаса алады: Харт кейіпкері орта мектепті бітіргені туралы куәлікке ие болуы тиіс. Өз бағасын көтеріп, үйлену тойын барынша жақындату үшін Тедди ересектерге арналған мектепке баруға мәжбүр болған жолы болмайтындардың қатарына қосылуы керек. Бұл қарапайы жоспарды жүзеге асырудағы жалғыз мәселе – мазасыз әрі шыдамсыз мұғалім (Тиффани Хэддиш), ол оқу барысында ешкімнің қулыққа баруына жол бермейді.

«Кешкі мектеп» комедиясы ауқымды айналымға 2018 жылдың 29 қарашасында шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист