«Оскар 2018»: жеңімпаздарды хабарлайтын актерлардың есімдері белгілі болды
Виола Дэвис, Марго Робби және Махершала Әли «Оскар» үміткерлері мен жеңімпаздарын хабарлайтындардың алғашқы үштігіне енді. Жұма күні жүлде продюсерлері Майкл Де Лука мен Дженнифер Тодд таныстырылым кезінде сахнаға Грета Гервиг, Чедвик Боузман, Тиффани Хэддиш, Том Холланд, Кумэйл Нанджиани, Эмма Стоун, Лора Дерн, Даниэла Вега және Дженнифер Гарнер сынды актерлардың шығатынын хабарлады.
«Әрқайсысының салтанатты табыстауға қосатын үлестері ұмытылмастай болады», - деп, осы құрамға қатысты пікірлерін білдірді Де Лука мен Тодд. Сонымен қатар, кештің бірнеше жүргізушілері де «Оскар» алуы мүмкін. Грета Гервигтің қатысуындағы «Құс ханым» «Үздік фильм» және «Үздік режиссер» аталымдарына үміткер болып отыр. Марго Робби «Тоня барлығына қарсы шығады» фильміндегі басты рөлі үшін «Үздік актриса» жүлдесіне ие болуы мүмкін. Даниэла Вега - «Фантастикалық әйел» чилилік картинасының жұлдызы «Шет тіліндегі үздік фильм» ретінде ұсынылып отыр.









пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін