È

Marvel суперкейіпкері туралы нені білу керек?

Marvel суперкейіпкері туралы нені білу керек?

Суперкейіпкер әлемді жаулады деген пікірмен келіспейтіндер аз ғана. Біз жыл сайын комикс-фильмдерді көптеп көріп жүрміз, және оларды шатастыру оңай. Әсіресе, бұл он жылдың ішінде он жеті фильм шығарған, осы жылға тағы да үш фильмді жоспарлап отырған Marvel әлеміне қатысты. «Қара Ілбісін» фильмінің шығуы қарсаңында кімдер соғыс жүргізгенін және әлем қай жағынан өзгергенін еске алуға тырысамыз.


Капитан Америка

Стивен Роджерс – суперсарбаз, ескі уақыттың адамы. Ең батыл, әділ, адал және жердің батыр қаһарманы. Оның сығындының арқасында күші көп, жылдамдығы жоғары, шыдамдылығы мықты және реакциясы, сезімі күшейеді. Ол және оның күшті қалқаны американдық жауынгерлік рухтың символы болып табылады. Капитан үнемі жақсы жағында және достарын ешқашан қиыншылықта қалдырмайды, дәл осы «Қарсыласудың» арқасында Кек алушылар арасында қақтығыстар пайда болады. Кэп Marvel-дің басты кейіпкерлерінің бірі және ол әлем үшін күмән келтірмейді.

 

Темір адам

Данышпан, миллиардер, плейбой, филантроп... Бұл тізім шексіз жалғаса береді. Кек алушылар командасының негізін салушылардың бірі жоғары күш пен физикалық қорғаныс киіміне ие. Ол өзінің суперкиімінің арқасында ұша алады, ауыр заттарды көтере алады және әртүрлі қарулармен атыса алады. Тони - атақты Говард Старктың ұлы. Ол кішкентай кезінен ерекше заттарды құрастырып, ойлап тапты, ал 21 жасында әкесінің мұрасы негізінде «Старк Индастриздің» бас директоры болып, супер технологияларды құрастырды. Ол Marvel әлеміндегі ең ақылды және белсенді кейіпкердің бірі.

Тор

Найзағай Құдайы – кек алушылар командасының негізін қалаушылардың бірі және Асгардтың ұлы әскері. Жоғары адами күштен өзге, барлық удың түрлері мен аурулар, токсиндерге қарсы иммунитетке ие. Оның әкесі, даңқты Один оған Мьельнир балғасын сыйға тартты, ол балғаның көмегімен жарық жылдамдығымен ұшып, ауа-райын бақылай алады. Балғаның тағы бір ерекшелігі ол қандай арақашықтықта болса да өз иесінің қолына қайтып келетін қабілетке ие. Ол Тордың үлкен мүмкіндіктеріне жол ашып, оның күшін арттырады. Тор әлемнің ең мықты кейіпкерлерінің бірі, ал өткен жылғы «Рагнарёканың» жетістігі оның даңқын тағы бір мәрте көтерді.

 

Халк

Дәрігер Брюс Беннер – белгілі ғалым және Жердің ең ұлы ақылдыларының бірі. Сәтсіз тәжірибенің салдарынан Брюс бір күні Халк деп аталатын үлкен жасыл құбыжыққа айналады. Бұл жаратылыс иесінің айрықша күші бар және оның күші шексіз, эмоционалды бағытына қарай артып отырады. Ол өзінің ебедейсіз түріне қарамастан, өте жылдам және оның терісі кез-келген зақымға төтеп бере алады. Брюс әлемнің ең ақылдыларының қатарында, ал Халк Марвелдің ең қуатты кейіпкерлерінің бірі.

Қара жесір

Наталья Романова – Marvel-дің ең мықты кісі өлтірушілерінің бірі. Соғыс кезінде ол басқарып отырды, сондай-ақ Америка капитанының сенімді серігі болды. Оның артықшылығы соғыс жүргізу тактикасы мен стратегиясын өзі ойлап тауып отырды. Бұрын КСРО-ға қызмет еткен. Шетелдіктердің Нью-Йоркке шабуылы кезінде Кек алушылар командасының белді мүшесі болып, қаланы құтқаруға ат алысты. Наташаның ерекше қабілеті жоқ, ол қарапайым адам, дегенмен, қара жесір ретінде соғыста қолмен күресу және секіру арқылы өзінің күшін көрсете білді.

 

Құмырсқа адам

Скотт Лэнг –ескі ұры және танымал дәрігер Генри Пимнің шәкірті. Скоттың басты күші - оған ерекше күш (құмырсқаға дейін кішірейіп, биік ғимараттарға дейін үлкейетін) беретін оның костюмі. Одан өзге, ол жәндіктерге әсер ететін құрылғысымен кішкентай ағзаларды, соның ішінде құмырсқаларды да басқару мүмкіндігіне ие. Бірақ ол құралынсыз соншалықты қарапайым емес, бірінші дәрежелі ұры, акробат және инженер. Биылғы жылы ол туралы екінші фильм шығарылады, онда оның серіктесі Сона Адам болады.

 

Алқызыл жалмауыз

Соковияның шығыс еуропалық мемлекетінде тұратын Ванда Максимоф егіз ағасы Ртутьюмен бірге Гидраның ғылыми әскери эксперименттеріне қатысып, нәтижесінде жоғары күштерге ие болды. Ол псионикалық энергияны басқарып, энергиялық жарылыстар мен толқындарды жасай алады, соның көмегімен жауларын бейтараптандыруға немесе жоюға болады. Сонымен қатар, оның қабілеттері левитация, қуат қалқан, телекинез, телепатия және психикалық манипуляцияны қамтиды.

 

Өрмекші адам

Питер Паркер – қарапайым жасөспірім, радиоактивті ызылдауынан керемет күш пен қабілетке ие болған. Ол қабырғалар бойымен жүріп, қауіпті болжай алады, сонымен қатар өзінің өрмегі бар. Өрмекші адам - барлық Marvel кейіпкерінің ішіндегі ең жоғарғыларының бірі. Бұл кейіпкер бірнеше рет өзгертілді, ал соңғысын Том Холланд сомдады.

 

Дәрігер Стрэндж

Дәрігер Стефан Стрэндж - сыртқы мистикалық қатерлерден қорғайтын Жердің ең үлкен сиқыршысы. Медицинаның атақты дәрігері, нейрохирург, қолының жарақатына байланысты хирург мансабын ұмытуға мәжбүр болды. Стефан емдеуге қажеттіні іздеп, соңында Тибетке жетті. Тибеттің Старейшин сиқыршысынан оқып, өзіне туылғаннан берілген сиқырлық қабілетін ашты. Оның қабілеттеріне телекинез, телепортация, телепатия, айналдыру, уақыт манипуляциялары, гипноз, түрлі қарғыс пен қара сиқыр кіреді.

 

Қара Ілбісін

Т’Чала - Вакандтың билеушісі және студияның алғашқы қара суперкейіпкері. Ол кәдімгі адам, ерекше қабілеті жоқ. Т’Чала ерте жастан жекпе-жек сабақтарын оқыған және ол алып күшті қаһармандармен тең дәрежеде күресуге қабілетті. Оның вакандтық күресу стилі акробатикалық трюктерді, секірулерді және шапшаң соққыларды біріктіреді. Ол өз елі Вакандта ғана кездесетін өте сирек элемент вибраниумнан жасалған костюмін киеді. Вибраниум - бұзылмайтын металл, бұл өте құнды. Атап айтқанда, Америка капитанның қалқаны толығымен осы элементтен жасалған. Сондай-ақ, Қара Ілбісін, тарихтағы ең бай суперкейіпкер және жақында шығатын фильм бізді кейіпкермен жақынырақ таныстыра түседі.

 

Жанкелді Өмірәлиев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер