È

Каскадер Қасым Жұмағожин өмірден өтті

Каскадер Қасым Жұмағожин өмірден өтті

Қазақ киноөнерінде орны толмас қайғы орын алды. 3 қараша күні 34 жасар Nomad Stunts каскадері Қасым Жұмағожин өмірден озды.

Медициналық сараптаманың мәліметтері бойынша, өлімнің себебі жүрек ұстамасынан болған, қайғылы жағдай каскадер Алматы клубтарының бірінде Хэллоуин мерекелеу кезінде ілініп тұрған өлі адамның кейпін бейнелеп тұрған сәтінде орын алған.

Қасым Жұмағожин 1984 жылы 5 мамырда дүниеге келген. Ол Ижевскте Халықаралық цирк өнері фестивалінде «Алтын аю» жүлдесімен марапатталған. Каскадер «Рэкетир», «Көшпенді», «Күндізгі барлау», «Тежеусіздер-2», «47 ронин» және т.б. 25-тен астам отандық және шетелдік картиналарға қатысқан.

«Мен Косяны (Қасымды) Малайзиядағы Марко Поло түсірілімінен бері білемін. Әрдайым күліп жүретін, үнемі көңілі көтеріңкі болатын, әрдайым көмекке жүгіріп келетін. Өте ауыр жағдай. Туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Кося, бізді барлығы үшін кешір. Бақұл бол, бауырым. Иманды болсын», - деп көңіл айтты актер Санжар Мәди.

 

Друзья! Вчера ушел из жизни наш друг, брат, боец и известный каскадер Касым Жумагужин. Сейчас в соц сетях ходят много разных и порой абсурдных версий о случившемся. Официальная версия у меня в сторис. Я лично знал Косю (Касыма) ещё со съемок Марко Поло в Малайзии. Всегда улыбался, всегда в хорошем настроении, всегда готов прийти на помощь. Очень жаль. Мои соболезнования родным и близким. Прости нас Кося за всё. Покойся с миром, брат. Иманды болсын.

Публикация от Sanjar Madi℠ (@sanjar.madi)

«Сүйікті бауырым! Сенімен мақтанамын! Сен біздің жүрегіміздесің», - деп жазды әріптесі Алтынбек Шәкен.

Қасымның соңғы жұмысы биылғы қыркүйекте аяқталған Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмінің түсірілімі болды.

«Бродвей» кинопорталы да марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер