È

Астанада «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының тұсауы кесілді

Астанада «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының тұсауы кесілді

Астанада отандық кинематография мәселелеріне арналған «Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабының тұсауы кесілді. Аталмыш публицистикалық еңбекті кинотанушы, өнертану кандидаты, Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі және Қазақ Ұлттық өнер университетінің "Өнертану" кафедрасының доценті Назира Мукушева жазып шықты.

"Кітап жазуды екі жыл бұрын ойлаған болатынмын. 1993 жылы Қазақстанда алғаш рет "Кинотану" мамандығы ашылды. Әмен Қайдаров, Бауыржан Нөгербек, Әкім Тарази киносыншыларды тәрбиелеу мақсатымен қазақ тілінде сөйлейтін әрі жазатын студенттерді іріктеп алды. Осы үшін мен оларға ерекше алғыс айтамын. Кітабымды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнайтынымды қуана жазған болатынмын. Тәуелсіздігімізге қол жеткізбеген болсақ, онда бізде" Кино және телевидение" факультеті, "Кинотану" мамандығы және осы саланың арнайы мамандары болмас та еді", - деді автор.

«Қазақ киносы: кеше және бүгін» кітабында отандық деректі фильмдердегі, жастар киносындағы мәселелерге, кинематографтардың өзге де маңызды сұрақтарына талдау жасалған. Зерттеу жұмыстары төрт бөлімнен құралған: «Уақыт және қазақ киносы», «Қазақ киносы: көкейдегі көп сауал», «Уақыт. Кино. Тұлға» және «Кино - өмір айнасы».

Шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында болып өтті. Оған кино, театр, өнер салаларының мамандары, деректі және балалар киносының режиссері Асия Сулеева, Халық әртісі, театр және кино режиссері Талғат Теменов, кинорежиссер Ерлан Нурмухамбетов, киносыншы Инна Смайлова, кинооператор Талгат Тайшанов және басқалары қатысты.

Айдана Кульчибай

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 апреля 2017, 22:31

А где можно почитать книгу такую?

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер