Джеки Чан мен Арнольд Шварценеггер ресейлік режиссер Олег Степченконың «Вий» фильмінің жалғасна түседі. Фильм «Вий - Қытайға саяхат: Темір бетперденің құпиясы» деп аталады. Түсірілім Қытайда өтеді.
Екі басты жұлдыздан бөлек фильмге қытайлық актерлер Синтхун Яо, ағайынды Лю және Чжан Лансинь қатысады.
Фильмдегі жетекші рөлді - саяхатшы Джонатан Гринді - британиялық актер Джейсон Флеминг ойнайды. Картинаның сюжеті I ПетрданРесейдің Қиыр шығысының картасын жасауға тапсырма алған Грин жайлы. Осылайша саяхатқа аттанған Грин Қытайға тап болады. лентаның тұсаукесері 2017 жылға жоспарланған. естеріңізге сала кетейік, 2014жылдың қысында Николай Гогольдің повесінің желісімен түсірілген Олег Степченконың «Вий 3D» фильмі шыққан болатын.