È

Желіде Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен бірге түскен суреті пайда болды

Желіде Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен бірге түскен суреті пайда болды

Желіге Тәуекел Мүсілімнің қалыңдығымен бірге түскен суреті тарап кетті. «WeddingFourSeasons» журналының мұқабасы үшін арнайы жасалған суретте костюмдегі Тәуекел Мүсілім және той көйлегін киіп тұрған белгісіз бойжеткен бейнеленген. Бұл әдейі жасалған фотосессия ма, әлде Тәуекел расында да бойдақтық өмірмен қоштасуға дайын ба, ол жағы әзірге белгісіз.

Жас жұптың салтанатты киіммен түскен суретін продюсер Жан Мұқанов өзінің Инстаграм парақшасына жариялап:

«Жақында үйлену тойы! Біздің Тәкеш енді бойдақ емес...», - деп жазған.

Еске салсақ, алдыңғы жолы Тәуекел 18 жасар бойжеткенмен романтикалық қарым-қатынаста екенін айтқан болатын. Алайда, актердің айтуынша, ол әзірге үйленуге асықпайды, себебі ғашығы әлі жоғары оқу орнын бітірмеген екен. Ол сондай-ақ, сүйіктісінің көп сөйлемейтін, салмақты жан екенін және шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқтығын айтқан еді.

Дегенмен, жұптың осы суретінің астында үйлену тойының болатын күні 2018 жылдың 18 қазаны деп жазылған.

 

 

 

Превью: Тәуекел Мүсілімнің жеке Instagram парақшасынан

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

11 шілде 2018, 21:32

Ну это может быть, 60 процентов правды, а так это будет пияр 40%

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер