Вайнона Райдер осыдан 20 жыл бұрын өте танымал болған еді. Оның болашағы жарқын, небір мықты режиссерлер өздерінің фильміне аттай қалап шақыратын актриса саналған. Ол ең алғаш «Оскар» жүлдесіне 22 жасында ұсынылды. Алайда соңғы жылдары актриса көпшілік көзінен тасаланып, көрінбей кеткен еді. Оның қайта оралуына себепкер болған Netflix студиясының «Очень странные дела» сериалы. Сериалда актриса жоғалып кеткен баланың анасының рөлін ойнайды. Бала табылған соң қалада мистикалық оқиғалар жиілеп кетеді.
Сериалдың тұсауккесер салатаныта актриса ұзын қара көйлекпен, сыртынан ішекейлермен безендірілген пиджак киіп келді. Сол кезде айналасындағылар Вайнонның өзін ыңғайсыз сезінгенін байқаған. Дегенмен соңғы кезде актриса Harper’s Bazaar, The New York Times, The Edit және Interview Magazine т.үсіріліміне қатысты.