È

«Ұлы теңестіруші 2»: алғашқы дубляждалған трейлерде Дензел Вашингтон өз жұмысына кірісті

«Ұлы теңестіруші 2»: алғашқы дубляждалған трейлерде Дензел Вашингтон өз жұмысына кірісті

Sony Pictures студиясы 2014 жылы сәтті шығып, әлемдік айналымда шамамен 200 миллион доллар жинаған «Ұлы теңестіруші» атыс-шабыс фильмінің жалғасына арналған алғашқы трейлерді жарыққа шығарды. Қылмыстық экшн жанрында түсірілген фильмнің франшизасы төрт маусымнан тұратын 80-жылдардағы аттас телехикаяға негізделген.

«Ұлы теңестіруші 2» картинасындағы басты рөлді «Оскар» жүлдесінің екі мәрте лауреаты Дензел Вашингтон сомдайды, бұл оның мансабындағы бірінші сиквел. Бұл - өз бетінше әділдік орнатуға тырысқан бұрынғы ОББ (ЦРУ) агенті Роберт Маккола оқиғасының жалғасы. Таспамен режиссер Антуан Фукуа («Жаттығу күні», «Ғажайып жетілік») айналысты. Қалған негізгі рөлдерді Педро Паскаль («Kingsman: Алтын сақина»), Билл Пуллман («Тәуелсіздік күні», «Ұлы теңестіруші»), Мелисса Лео («Жауынгер» фильмі үшін «Оскар» жүлдесіне ие болған) сомдады.

«Ұлы теңестіруші» қылмыстық экшны Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 13 қыркүйегінен бастап айналымға шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер