È

«Кingsman: Алтын сақина»: Тыңшы ойындары

«Кingsman: Алтын сақина» туралы пікір

«Кingsman: Құпия қызмет» картинасының табысынан кейін сиквелдің шығуы уақыт еншісіне қалдырылған еді. Fox студиясы жылдам әрекет етіп, продюсерлер, режиссер Мэттью Вон және актерлармен қарым-қатынасты жақсы сақтап, жаңа картинаның дүниеге келуіне түрткі болды. Ұйымшыл топ сиквелді алғашқы фильмнен кем шығармаған сияқты.

Бірінші фильмде Kingsman жекеменшік барлау қызметіне жұмысқа тұра алмаған Чарли агент Эггсиге шабуыл жасайды. Әйгілі Лондон кэбіндегі шайқас барысында Эггси жеңіске жетеді, бірақ Чарлидің темір қолы кэбте қалып қояды, сол қолы Kingsman жүйесіне қосылып, оны бұзып шығады. Осы уақытта ертегілер бағытында әрленген Poppyland көрсетіледі, ол жақта есірткі саудасымен айналысатын әйел Поппи тұрады. Ол өте қатал, агенттерді біраз әуреге салады.

Алғашында картинадағы оқиға шынайы емес сияқты болып көрінеді. Эггсидің көлігі қанша атып жатса да суға батпайды және оның алдыңғы терезесі жоқ, ал жауыз әйел ертегілер әлемінде өмір сүреді, сондай-ақ қиын шифрланған жүйені бұзу оңай болып кетеді. Дегенмен, Мэттью Вонның «Пипец» және «Икс адамдары: Бірінші сынып» картиналарына қарағанда, болып жатқан оқиғалар әлдеқайда сенімдірек секілді. Құдды бір фильмдегі оқиға шынайы өмірде болғандай.

Фильм сюжеті жан-жақты, көлеміне қарамастан, қызықты әрі әсерлі. Картина мазмұнын айтқаннан пайда жоқ, сондықтан фильмді сынауға болатындай маңызды сәттерге тоқтала кетейік.

«Кingsman: Құпия қызметтің» жанкүйерлері біраз көңілдері қалған шығар, себебі Эггси сиквелде бұрынғы қарапайым жігіт емес, екінші санаттағы Джеймс Бонд дерсің. Бұрынғы Эггсиден фильмде бірнеше рет киген костюм және достармен демалып жатқан бір көрініс қана қалған. Бірінші бөлімінен хабары жоқ көрермендер құпия қызметіндегі жас агенттің дайындығы мен тиянақтылығын бағалайтын шығар, ол кеше ғана жаңадан келген жігітке емес, отанға 100 жыл қызмет еткен азаматқа ұқсайды.

«Кingsman: Алтын сақинада» экш шынымен де көп. Басынан бастап Мэттью Вон кейіпкерлерді экранда екі жарым сағатқа созылған атыс-шабысқа, қуғынға толы оқиғаларға сүңгітіп жібереді. Арнайы эффектілер мықты жасалған, жартылай компьютерлі графиканың көмегімен жасалған қуғын мен сальто, әсіресе IMAX-пен көрген кезде әсерлі шыққан. Драматургияның ережесі бойынша шайқас қажет кезде қолданылады. Сондықтан, көрермен Эггс сұлуларынан да, шарықтау шегінен де шынайы әсер ала алады.

Бірақ фильмнің ортасы қызықсыз болып қалған. Мэттью Вон көрермендерге маңызды мәселелерді қызықты дүниелер мен сәтті қалжың арқылы берсе, енді бірде сүреңсіз көріністерді ұсынады. Негізі, фильмде әзіл орынды қолданылған. Қолдың түсіп қалуы мен танымал хиттің өлер алдында орындалуы күлкілі шыққан. Тек картинадағы көріністі сәйкес емес музыкамен әрлегені болмаса...

Мұндай әзілдер режиссердің өзін жалықтыратын болса, ол джокерді - әнші Элтон Джонды қатыстырады. Жалпы, Элтонға актерлік мансап туралы ойлану керек сияқты. Себебі, соның әзілдері 100%-ға сенімдірек болды, ал басқа кейіпкерлердің орынды қалжыңдарының өзі аса күлкілі емес. Барлығы ерекше дарындылықта шығар... Бұл қасиет басты рөлді сомдаған Эггси Тэр Эджертонға аздап жетіспеді. Ал Гарри Хартты сомдаған Колин Ферт өз рөлін керемет ойнады. Дәл осылай «жауыз» Джулианна Мурдың рөліне оң баға берсек, Ченнинг Татумға кішкене көңіліміз толмады. Жалпы, картинадағы актерлік ойынның деңгейі жоғары, бірақ рөлдерді сомдаушылардан бөлек, басқа да мәселелер болды. Режиссерлар кейбір кейіпкерлерді әдейі екінші орынға қойып жатады, сондықтан актерлар қиын тұстарда да көрерменнің жүрегіне жол табуға тырысады.

Соңында айтарым, «Кingsman: Алтын сақина» экшн-көріністерге, актерлік жарқын жұмыстарға толы, әсерлі тыңшы хикаясы болып шықты. Ал бүкіл әлем үшін маңызды болып саналатын саясат пен денсаулық тақырыбы фильмге ерекше көрік беріп тұрғандай. Эггси аспан мен жердің арасында тұрған сияқты – ол Джеймс Бонд секілді мінсіз болмаса да, бар әлемнің қыздарының көңілінен шығатындай «нашар жігіт» те емес. Мұндай қорытынды Мэттью Вонның жаңа фильмін шедевр деп атауға келмейді, дегенмен картинаны бірнеше рет көруге болады.

 

«Кingsman: Алтын сақина» фильмінің кестесін кинотеатрлар афишасынан көре аласыздар.

 

Киноға Альберт Ахметов барды

 

«Бродвей» кинопорталының редакциясы «Кingsman: Алтын сақина» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Жиырмасыншы ғасыр ТМД Фокс» және KinoPark theatres кинокомпанияларына алғыс білдіреді.

Оцените рецензию

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

23 наурыз 2018, 01:50

Слов нет, слишком пафосно.

Рекомендуем

Рецензии

18 Маусым, 2018

«Суперотбасы – 2»: Бірлік болмай, тірлік болмас

«Суперотбасы – 2» мультфильмі жайлы пікір 

BrodKaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Рецензии

6 Қазан, 2018

«Веномның» жаңа бейнесі

«Веном» фильміне пікір

Brod.kaz

Рецензии

13 Қыркүйек, 2019

«Қымбатты әке» фильміне пікір

Фильм кинотеатрда 12 қыркүйектен басталады

Brod.kz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер