È

Аптадағы тұсаукесерлер: Тыңшының оралуы

21 қыркүйектен басталған апта тұсаукесерлері

Көрермендер бұл аптада атышулы «Kingsman: Алтын сақина» тыңшылық атыс-шабыс фильмінің жалғасын тамашалай алады. Джеймс Франко «Қойма» триллерінде қарақшы образын сомдайды, сонымен қатар «ЛЕГО Ниндзяго Фильм» анимациялық таспасының тұсаукесері болмақ.


«Kingsman: Алтын сақина»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Мэттью Вон

Рөлдерде: Тэрон Эджертон, Ченнинг Татум, Джулианна Мур, Холли Берри, Колин Фёрт, Педро Паскаль, Марк Стронг, Софи Куксон, Элтон Джон, Эдвард Холкрофт

Жанры: атыс-шабыс фильмі, комедия, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжеті агент Kingsman, Эггсидің шытырманға толы оқиғаларын баяндайды. Бұл жолы кейіпкер Джулианна Мур сомдаған қатігез әйелдің қастығына қарсы әрекет ету үшін Statesman америкалық құпия ұйымымен байланысады.

 

«ЛЕГО Ниндзяго Фильм»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.09.2017

Мемлекеттері: Дания, АҚШ, 2017

Режиссерлері: Чарли Бин, Пол Фишер, Боб Логан

Рөлдерде: Оливия Манн, Джастин Теру, Кумэйл Нанджиани, Дэйв Франко, Джеки Чан, Майкл Пенья, Эбби Джейкобсон, Зак Вудс, Фред Армисен, Каан Гулдур

Жанры: мультфильм, комедия, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ллойд есімді жас ниндзя Ниндзяго-сити атты ержүрек тобымен бірге жауыз Граммадонды тоқтатуға тырысады. Жаңа топ мүшелері ауызбіршілікті сақтай отырып, қарсыластың зұлым әрекеттеріне қарсы тұра ала ма?

 

«Қойма»

Қазақстандағы тұсаукесер 21.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Дэн Буш

Рөлдерде: Джеймс Франко, Тэрин Мэннинг, Франческа Фишер-Иствуд, Скотт Хэйз, К’Орианка Килчер, Джефф Гам, кіші Клифтон Коллинз, Кит Лонекер, Джилл Джейн Клементс, Майкл Милфорд

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кинотаспаның сюжеті банк тонаушы қылмыскерлер аясында өрбиді. Жігіттер қаланың бір жерінде алтынға толы құпия қойманың бар екенін біледі. Ақыры бұзақылар тобы қойманы тауып, ашады да, көне әзәзілдерді бостандыққа жібереді. Кейіпкерлердің ендігі басты мақсаты - жындардың құрбанына айналып кетпеу.

 

«Тұтқындар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 21.09.2017

Мемлекеттері: Ресей, Грузия, 2017

Режиссері: Резо Гигинеишвили

Актерлары: Иракли Квирикадзе, Тинатин Далакишвили, Гига Датиашвили, Гиорги Грдзелидзе, Георгий Табидзе, Гиорги Хурцилава, Вахтанг Чачанидзе, Екатерина Калатозишвили, Бека Лемонджава, Мераб Нинидзе

Жанры: драма, триллер, өмірбаяндық фильм, тарих

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Картинада КСРО құламай тұрған кездегі Грузия көрсетіледі. Жаһандық оқиғаның аясында бостандықты қалаған жастардың хикаясы бейнеленген. Осы мақсат үшін олар барлығына да дайын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер