È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Әлемдік кино
  • Венеция-2018: «Күннің батуы» драмасы негізгі байқауда көрсетілді

Венеция-2018: «Күннің батуы» драмасы негізгі байқауда көрсетілді

  • 5 Қыркүйек, 2018
  • BrodKaz
  • 1 577
  • 0
Венеция-2018: «Күннің батуы» драмасы негізгі байқауда көрсетілді

Венеция фестивалінің негізгі байқауында венгерлік режиссер Ласло Немештің таспада сәтсіздікке негізделген жарқын өмірді бейнелейтін «Күннің батуы» драмасы көрсетілді. Немештің керемет дебюті, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Аушвицтегі концлагерь жайлы баяндайтын «Саулдың ұлы» картинасы бірнеше жыл бұрын үлкен резонанс тудырып, шет тіліндегі үздік фильм ретінде «Оскар» иеленген болатын. Сонымен қатар, мұның алдында «Саулдың ұлы» Канндағы фестивальде Алтын пальма бұтағына және қазылар алқасының Бас жүлдесіне ие болған.

Екінші жұмысында Немеш уақытты бірнеше ондаған жыл артқа шегеріп, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып, 1913 жылғы Венгрияда болған оқиғаны көрсетеді. «Күннің батуындағы» оқиға Аустро-Венгерлік империяның ірі қалаларының бірі болған Будапештте өтеді. Саяси әрі техникалық идеялармен толыққан бұл қалаға Ирис Лейтер (Джули Якаб, «Саулдың ұлы», «Еш себепсіз») келеді. Ол басқа қала, Триестте жеке мәселелерінен қашып жүреді де, Будапештке келіп, кезінде отбасына тиесілі болған әйгілі қалпақтар дүкенінде модист әйел ретінде жұмысқа орналасуға тырысады.

Дүкенде жұмыс істей бастаған Ирис ағасының барын біледі, ол туралы бұрын мүлдем естімеген еді және ол күдікті компанияда жүрген болатын. Көптеген ескертулерге қарамастан Ирис ағасын тауып, қатал Будапештте кез-келген қиындықты еңсеруге дайын.

«Күннің батуы» «Саулдың ұлына» ұқсайды. Белгісіз жеке міндет жайлы экранды хикая бір адамның тарапынан ғана әңгімеленген. Камера ылғи басты кейіпкерді аңдып жүргендей болады, ол түрлі локациялар арқылы жылдам қозғалады және кадрдан шулы қала мен Иристің жолында кезігетін шешімі қиын болып табылатын жұмбақ адамдарды көруге болады.

«Күннің батуы» тамаша түсірілген, қала сұлулығы жағынан көне итальян шеберлерінің картинасын еске салады. Картинаның техникалық жағы, дыбысы, костюмдері мен қоюшы-суретшінің жұмысы керемет, бірақ басты кейіпкердің хикаясы және сюжеттің өңделуі мақтау пікірлерге тұрмайды. Немештің жұмысында ең бастысы мүлт кеткен – режиссердің әңгімесі барлық сұлулық пен тамаша көріністен сезілмей қалды. Достоевский туындыларының бірінің экрандауы секілді көрінетін хикая мағынасыз қала аралауға ұласады да, сюжеттің рационалды жағын ойламайтын көрерменнің тек эмоционалды жағын оятуға бейім келеді.

  • 5 Қыркүйек, 2018
  • BrodKaz
  • 1 577
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама