È

«Тосын апат»: Шейлин Вудли және Сэм Клафлин аман қалу жайлы баяндайтын триллерде

«Тосын апат»: Шейлин Вудли және  Сэм Клафлин аман қалу жайлы баяндайтын триллерде

STX Entertainment ирландық режиссер Бальтасар Кормакурдың («Эверест», «Заңсыз тасымал») ашық теңіздегі аман қалуы жайлы баяндайтын «Тосын апат» триллеріне арналған алғашқы трейлерді ұсынды. Мұндай шынайы әрі адам сенгісіз оқиғаның басты рөлінде Шейлин Вудли («Жұлдыздар кінәлі», «Үлкенді-кішілі өтірік» хикаясы) және Сэм Клафлин («Сенімен кездескенше» «Аштық ойындары») ойнады. Олар кездейсоқ кездесіп, бірін-бірі ұнатып, Тынық мұхитына саяхатқа шыққан және ақыры соңында тірі қалу үшін арпалысқан екі жас жанкешті Тами Олдхэм мен Ричард Шарптың әңгімелерін ұсынады.

Олдхэм мен Шарп ауа райы бақылауына тіркелген ең қауіпті дауылдардың біріне тап болады. Кемеге зақым келгеннен кейін, Ричард ауыр жараланады. Үміті қалмаған Тами өзін және шексіз жақсы көретін адамын құтқару үшін батыл қадам жасауы керек. «Тосын апат» көрермендерге адамның рухани күші мен махаббаттың кереметтілігі жайлы ұмытылмас оқиғаны көрсетеді.

«Тосын апат» драмалық триллері ауқымды айналымға осы жылдың 28 маусымынан бастап шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер