È

New York Film Academy оқу орнында сценарийлік шеберлік пен продюсерлеу курсын оқыған түлектер алған әсерлерімен бөлісті

New York Film Academy оқу орнында сценарийлік шеберлік пен продюсерлеу курсын оқыған түлектер алған әсерлерімен бөлісті

2017 жылдың сәуір айында Алматыда New York Film Academy оқу орны алғаш рет шеберлік пен продюсерлеу курсын өткізген болатын. Ол курсқа академияның әйгілі педагогтары: «Алтын Глобус» пен «Эмми» жүлделерінің бірнеше мәрте үміткері, сценарист, режиссер Пол Браун және продюсер, Лос-Анджелестегі көркем фильмдер өндірудің магистратура бағдарламасы бөлімінің басшысы Лидия Седроне атсалысқан.


«Бродвей» кинопорталы редакциясы курстың түлектерімен әңгімелесіп көрді.

Рәзия Хасанова, сценарист

Рәзия Хасанова, Пол Браун және Әсел Зои

- New York Film Academy-дың (әрі қарай NYFA) сәуір айында болған курсынан алған әсеріңіз қандай?

Р.: Мен өте керемет әсер алдым! Қызықты адамдармен танысып, қажетті тәжірибе жинақтадым.

- Таңдаған мамандығыңыз бойынша өткізілген курстан қажетті дүниені ала алдыңыз ба?

Р.: Иә, сенімім ақталды! Сценарист болып жұмыс істеп жүріп, алған білімімді іске асыра отырып, өз көзқарасым бойынша әрекет еттім.

- Алдағы уақытта оқуды жалғастырасыз ба, егер «иә» десеңіз, қайда жалғастырмақсыз?

Р.: Оқуымды қуана жалғастыратын едім. Мені театр қызықтырады.

- Қазіргі таңда қандай жобалармен айналысып жатырсыз? Курста алған білім қажетіңізге жарады ма?

Р.: Театрымыз қазір «Жалынды балақай» қойылымын дайындауда. Жоба әйелдер туралы, яғни неге үнемі ұятымыздың оянатынын, неліктен нәзік бола тұра, өмірге деген құлшынымыздың жоғары екендігін бейнелейді. Спектакль күлкілі жағдайларға және өткір сынды ашуға толы болмақ.

Мен Полдың «кейіпкерлер ақырындап ашылуы тиіс» деген пікірін есте сақтап қалыппын. Рухани ашылу. Кейіпкерлерім алғашында жалғыз болып көрінуі мүмкін, бірақ көрермен қойылым барысында олар туралы ерекше пікірге ие болып, көзқарастарын өзгертері анық. Бұл ғажайып өзгеру болмақ.

- Кино саласына алғаш қадам басып келе жатқан жастарға қандай тілек айтасыз?

Р.: Оқуға деген ынтаның болуы маңызды. Барлығын білем деген адам, суретші секілді суалады.

 

Тимур Тұрысбеков, продюсер

Тимур Тұрысбеков және Пол Браун

- Сәуір айында болған NYFA курсынан қандай әсер алдыңыз?

Т.: Тек жағымды әсерге бөлендім десем болады. Өкініштісі, курстың екі-ақ күн болғандығында ғана.

- Таңдаған мамандығыңыз бойынша аталмыш курс сеніміңізді ақтады ма?

Т.: Әрине, 2 күндік курстың ішінде өте көлемді әрі сапалы ақпараттарға қанық болдық.

- Алдағы уақытта оқуды жалғастырасыз ба, егер «иә» десеңіз, қайда жалғастырмақсыз?

Т.: Уақыт бола қалса, міндетті түрде жалғастырамын.

- Қазіргі таңда қандай жобалармен айналысып жатырсыз? Курста алған білім қажетіңізге жарады ма?

Т.: Қазіргі таңда «Әділдік оқтары» хикаясының пост-продакшнын аяқтадық әрі дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізудеміз.

- Кино саласына алғаш қадам басып келе жатқан жастарға қандай тілек айтасыз?

Т.: Күмәнданбау және ештеңеден қорықпау керек.

 

Қуаныш Стаханов, сценарист

Қуаныш Стаханов және Пол Браун

- Сәуір айында болған NYFA курсынан қандай әсер алдыңыз?

К.: Мен NYFA-ның сценарийлік шеберлік курсына қатыстым. Курс өте пайдалы болды әрі алған әсерім керемет. Дәрістер сценаристер сапасына әсер ететін қағидалар мен ережелерге толы болды. Сонымен қатар, қызықты тәжірибелік сабақтар өттік.

- Таңдаған мамандығыңыз бойынша аталмыш курс сеніміңізді ақтады ма?

К.: Толығымен ақталды. Тіпті, осы курстар арқылы шығармашылық мақсаттарымды айқындай түстім десем де болады.

- Алдағы уақытта оқуды жалғастырасыз ба, егер «иә» десеңіз, қайда жалғастырмақсыз?

К.: Иә, жоспарлап жүрмін. Негізі мақсатым – New York Film Academy-дың өзіне барып оқып келу.

- Қазіргі таңда қандай жобалармен айналысып жатырсыз? Курста алған білім қажетіңізге жарады ма?

К.: Бүгінгі таңда операторлық шеберлік пен монтаж жағын жақсылап үйреніп жатырмын. Семинарда алған білім оқиғаны күрделендіре түсіп, тереңдікке бойлауға мүмкіндік береді.

- Кино саласына алғаш қадам басып келе жатқан жастарға қандай тілек айтасыз?

К.: Ең бастысы – ештеңеден қорықпау. Кино – өз-өзіңе деген сенімділікті және керемет күшті қажет ететін сала. Алдарыңызға үлкен мақсат қоя біліңіздер, сонда барлығына жетесіздер.

 

Жанаргүл Досова, продюсер

Жанаргүл Досова, Лидия Седроне және Әсел Зои

- Сәуір айында болған NYFA курсынан қандай әсер алдыңыз?

Ж.: Алған әсерлерім өте тамаша. Бүгінгі күнге дейін мен түрлі тренингтерге қатыстым, бірақ Қазақстандағы кинопродюсерлеуден толыққанды айырмашылығы бар американдық продюсерлеу жүйесі жайында шеберлік сағатын тыңдау өте қызықты болды. Бізде ерекше топ құрылды, әрқайсысы өзінде дарынды еді. Қойылған сұрақтарға, тапсырмалардың орындалуына қарап, креативті құрамның бар екендігіне көзіміз жетті. Топ құрамындағы кейбіреуімен әлі күнге дейін араласып, достасып келеміз. Мен осы курста көптеген жаңа достар таптым.

- Таңдаған мамандығыңыз бойынша аталмыш курс сеніміңізді ақтады ма?

Ж.: Толығымен ақталды. Мен бұрын продюсерлеу туралы жалпы білген болсам, курсқа келгеннен кейін, бір жобамен жұмыс істей бастадым.

Курста жобалардың нақтылығына, жұмыс барысының құрылымына назар аударуды үйрендім. Мысалы, кинопродюсерлеудің 5 негізгі кезеңнен тұратынын осы курсқа келіп білдім. Лидия Седроне (Продюсерлеу бойынша шеберлік сағатының ұстазы – ред.) құрылымды жақсы түсінуіме көмектесіп, қандай жобаға келгенімді анықтауыма септігін тигізді. Аталмыш курс картинаны жоғары жақтан бақылауыма мүмкіндік берді. Алған тәжірибемді жұмысымда кеңінен қолданып келемін.

- Болашақта оқуды жалғастырасыз ба, егер «иә» десеңіз, қайда жалғастырмақсыз?

Ж.: Қазан айында NYFA-ның режиссерлік курсына баруды ойлап отырмын. Лидия Седронемен кездесуден керемет әсер алғаным соншалық, АҚШ еліне саяхат жасауға шабыттандырып жіберді.

- Қазіргі таңда қандай жобалармен айналысып жатырсыз? Курста алған білім қажетіңізге жарады ма?

Ж.: Әрине, жарады! Мен фильмнің қандай жүелерден тұратынын білдім, өз күшімді пайдалануды үйрендім. Продюсерлік орталығымыздың туған күнінде алғашқы жаңа жобамыз – Қазақстандағы алғашқы музыкалық балалар фильмі болып табылатын «Жаса» музыкалық балалар фильмінің тұсауын кесеміз. Аталмыш жобаны қараша айында жүзеге асырамыз.

- Кино саласына алғаш қадам басып келе жатқан жастарға қандай тілек айтасыз?

Ж.: Ынталылық танытып, тәуекелге бару – өте жақсы, дегенмен қазіргі таңда бұл қиынырақ, себебі сәттілік барлығына бірдей бұйыра бермейді. Мен бар жұмысты ерекше ынталылықпен жасадым, алайда көптеген қиындықтарға тап болдым, тағдырдың тосын сыйларын барлығы көтере алмайды ғой. Сан соғып қалмас үшін алдымен курстардан өтіп, сол саланы нақтырақ түсінуге тырысу қажет. Аталмыш курс карта секілді. Қолыңда карта болса, мақсатыңа жылдам жетесің. Маған бұл курстың ұнайтыны, қысқа мерзімде, яғни 2-3 күннің ішінде саланың бар мағынасын түсіне білесің. Жеңіске жылдам қол жеткізу үшін осындай курстарға қатысып, үйрену керек. Мақсат қойсаң, жеңесің. Жақсы достарың да болуы шарт. Сонымен қатар, бір жеңіспен тоқтап қалмау қажет. Фильмдер түсіре беріңіздер дегім келеді.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында Алматыда New York Film Academy-дың актерлік шеберлік пен режиссура бойынша кезекті шеберлік сабақтары өтеді. Курсқа жазылып, бұл туралы толығырақ www.nyfa.kz сайтынан біле аласыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер