È

New York Film Academy Алматыда актерлік шеберлік пен режиссура курсын өткізбек

New York Film Academy Алматыда актерлік шеберлік пен режиссура курсын өткізбек

Алматыда Нью Йорк Кино академиясы тәжірибелік курсын екінші рет өткізбек. Бұл жолы шеберлік сабақтары Режиссура мен Актерлік шеберлікке қатысты болады.

Дәріс тыңдаушылармен Лос-Анджелестегі NYFA деканы Келли Гарднер және Лос-Анджелестегі NYFA-ның «Киноға бағытталған актерлік шеберлік» факультеті жетекшісінің орынбасары Кристофер Касс сынды алдыңғы қатарлы ұстаздар жұмыс істейді.

Тәжірибелік курстың мақсаты – қатысушыларды Голливуд өндірісі әлемімен таныстырып, актерлік қабілет пен режиссерлік шеберлікке қатысты бағыт беру, сондай-ақ жарқын әсерлер мен қажетті тәжірибе сыйлау.

Келли Гарднер

«Киноға бағытталған актерлік шеберлік» бағдарламасында студенттер камера алдында жұмыс істеуді үйренеді, ірі планды, камера ракурсын, көкжиек жолағын, актерлік дәлдікті есепке ала отырып, кейіпкерді қалай ашу керектігін және эмоционалды, физикалық ерекшеліктерді жоғалтпай, дубльдан дубльға дейінгі темпоритм мен ишаратты сақтауды білетін болады. Студенттер фильмдер мен тележобалардың көріністерімен жұмыс істейді.

Режиссура бойынша өтетін шеберлік сыныбында қатысушыларға мынадай тақырыптар дайындалды: мизанкөріністерді құру, кадр композициясы, заманауи қойылым және камера алдындағы дайындық, POV және камераның жігерлендірілген қозғалысы, үздік кадрды таңдау әрі құру, Голливуд протоколы және түсірілім алаңындағы жұмыс барысы. Сондай-ақ, студенттерге үздіксіз түсірілімге, түсірілім көріністерінің режиссерлік парағына, түсірілім алаңының жоспарына, экрандалған көріністерді мысалға ала отырып, сценарийлер таңдауға, актерлік таңдау, режиссердің түзету жұмыстары, нәтижеге жұмыс істеу сынды сахнаның негізгі өзегін анықтауға, кастинг пен дайындық техникаларына шығармашылық тұрғыдан қарастыруға үйретеді.

Кристофер Касс

Арнайы шеберлік сағатына кино мен телевидениеде тәжірибесі барлары да, жоқтары да - барлығы қатыса алады. Басты талаптар – ынта, мақсатшылдық және креативтілік. Күзгі курстың қатысушылары тәжірибеден, кәсіби нетворкингтен бөлек, NewYork Film Academy шеберлік сабағының сертификатына ие болады.

Курс туралы қосымша ақпаратты www.nyfa.kz ресми сайтынан немесе NYFA-ның Қазақстандағы өкілі Әсел Зояға хабарласып білуге болады: asselekin@gmail.com, + 7 701 7589780, +7 777 212 63 91.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер